Баннер 9 мая от газеты Атырау

Жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігі

a6af577d cdca 4368 b245 df934c30a887 Жаңалықтар

Жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігі қай уақытта да өзекті, күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе саналады. Ал, оны қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын-алып, санын азайтуда жыл сайын өткізіліп отыратын профилактикалық шаралардың атқаратын рөлі ерекше.

Солардың бірі  – ,,Жолаушылардык жолдағы қауіпсіздігі» деп аталатын жедел-профи лактикалық іс-шарасы. Нақтырақ айтқанда, республикалық маңызы бар жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдауды, оның ішінде шетелде тіркелген, елімізде бекітілген регламенттер мен стандарттарға сәйкес келмейтін немесе оның талаптарына жауап бермейтін, басқару жүйесі оң жақта орналасқан автокөліктерді бақылауды күшейту мақсатында  ұйымдастырылып отырған  іс-шара 22 мамырда басталып,4 маусымда аяқталады.  

– Акцияның алғашқы күнінде тәртіп сақшылары жолда жүру қағидаларын  бұзудың 150-ге жуық дерегін анықтады. Оның ішінде, жылдамдық режимін шамадан тыс асыру – 67, көлікті басқару құқығынан айырылған немесе мас күйде жүргізу – 1, шамадан тыс жолаушы тасымалдау – 3, балаларға арналған орындықтың болмауы – 14, жолаушының  қауіпсіздік белдігін тақпауы – 8, стандартқа сай емес жарық шамын орнату – 6, алдында келе жатқан көлікті  басып озу ережесін бұзу бойынша 5 дерек тіркелді. Бұған қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып,  қажетті құжаттар жинақталды

Жедел профилактикалық іс-шара одан әрі жалғасуда, – дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Мейірім Ердәулет.

Дәулетқали Аруев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз