Дала академигі Жолдасқали Досмұхамбетовтың туғанына – 100 жыл

  Тағдыры Теңіз кенішімен байланысты облыс тұрғындары үшін биылғы жыл ерекше болып отыр. Ең алдымен, ағымдағы жылы Теңіз секілді алып кенішті алғаш ашушы, атақты мұнайшы Жолдасқали Досмұхамбетовтың туғанына 100 жыл толуы аталып өтуде.

   Осыдан 41 жыл бұрын дәл осы азамат Теңіз кен орнына атау беріп, оның мол қоры туралы болжаған болатын. Сонымен қатар, биылғы жыл Теңіз кен орнынан алғаш мұнай алынғанына ширек ғасыр толуымен де ерекше. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұсында осындай айтулы даталардың қатар келуін жай ғана сәйкестік деп қарауға болмайды. «Дала академигі» атанған Жолдасқали Ахметұлының мерей то-йына орай облысымызда ауқымды шаралар өтуде. Мұндағы ең басты мақсат – Теңіз кенішінің зерттелуі мен бұрғылануы жолында сіңірген өлшеусіз еңбегін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп жеткізу. Осындай шаралардың бірінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев: «Мұнай саласы «қара алтынды» табудан бастап, оны шығару, өңдеу, жеткізу сияқты көптеген мамандық иелерінің қызметіне мұқтаж. Қазақ мұнайының атасы – Қаныш Сәтбаев дейтін болсақ, қазақ геологиясының бірегейлері — Сафи Өтебаев, Таумұш Жұмағалиев, Мақаш пен Саламат Балғымбаевтар, Сағынғали Бөлекбаев, Жолдасқали Досмұхамбетов және басқалары. Қазіргі таңда Жолдасқали ағамыздың ұрпақтары әке жолын жалғастырып жатыр. Ұрпақтар сабақтастығы деп осыны айтса керек», – деп атақты мұнайшы ұрпақтарына ризашылығын білдірген болатын.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз