Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда құрылысқа рұқсаты бар үйлердің тізімі шықты

Атырауда тұрғын үй құрылысы қарқын алуда. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) құрылысқа рұқсат алған тұрғын үй кешендерінің тізімін ұсынды, — деп хабарлайды АtyrauРress тілшісі.

Біздің редакциямыздың сұрауы бойынша аталмыш басқарма құрылысқа ресми түрде рұқсат алған тұрғын үй кешендері туралы ақпарат берді. Ведомство сондай-ақ жосықсыз құрылыс салушылар бойынша деректері жоқ екенін нақтылады. Екі тұрғын үй кешені бұзылуға жатады. Бұлар — «Көктем» (Атырау қ., Лесхоз ш/а) және «NB Touers» ТК (Атырау қ., Жарбосынов көшесі). Сонымен қатар қазір бірқатар нысандар үшін құрылысқа рұқсат беру туралы өтінімдер қарастырылуда. 

Естеріңізге сала кетейік, Атырауда үлескерлердің қаражатын заңсыз тартуға қарсы шаралар легі жалғасуда. Өткен жылдың күзінде сот «Андора Констракшн» ЖШС директорына үкім шығарды. 2020-2023 жылдар аралығында ол 25 азаматқа пәтер сатты, оған рұқсаты жоқ, 313 млн теңге шығын келтірді. 2024 жылғы 23 қазанда Атырау қаласының №2 соты оны аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін осындай қылмыстар үшін «Nazik Group» ЖШС директоры және «Атамекен Тұрғын үйі», «Family Town» және «Baisanat Residence» құрылтайшылары сотталған болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button