Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

90165f818fc69465f 1 Жаңалықтар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейтінін айтты.

«Жаңа жылды тойлаумен еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары 1, 2 және 3 қаңтарда жұмыс істемейді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

Бұл ретте 31 желтоқсан, сенбі күні облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары келушілерді сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Жаңа жылдық мерекелерден кейін ХҚО және Арнайы ХҚО 4 қаңтардан бастап жұмысын бастайды.

Ал 7 қаңтар, сенбі күні кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мерекеге байланысты жұмыс істемейді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз