atyrau scaled

Атыраулық оқушылар халықаралық олимпиадада топ жарды

Жаңалықтар Білім
13 / 100

 «Білім-инновация лицейінің оқушылары математика пәнінен екі бірдей халықаралық олимпиадада жүлдеге ие болды»,- деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Солардың ішінен ХХХIII Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы бойынша, Мырзатай Айбек күміс, Зауытхан Әділет қола жүлде иеленді.

Ал математикадан халықаралық XX «Жібек жолы» олимпиадасынан Мырзатай Айбек алтын жүлдені жеңіп алып, Зауытхан Әділет күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, түрлі деңгейдегі білім  сайыстарының  бірнеше дүркін жеңімпазы Айбек Мырзатай Қазақ-Британ техникалық университетінің және Әділет Зауытхан екеуі  Астана IT University грантының иегері. 

Еске сала кетейік, 10 наурыз күні ХХХIII Азия-Тынық мұхиты халықаралық математикалық олимпиадасы мен математикадан халықаралық XX «Жібек жолы» олимпиадасына облысымыздан 8 оқушы қатысқаны хабарланды.

image 15 03 21 12 31
image 15 03 21 12 31 1
mezhdunarodnaia distancionnaia aziatsko tihookeanskaia matematicheskaia olimpiada

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған