COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Ел бойынша 1179: Атырауда қауіпті инфекциямен 63 адам тіркелді
Аtr.kz/14 сәуір, 2020 жыл. Бүгін таңмен Атырауда 63-ші адам қауіпті дертпен тіркеуге алынды.
54 жастағы әйел адам бұған дейін коронавирус дертіне шалдыққандармен қарым-қатынаста болғаны үшін оқшауланғандар қатарында болған.
«Қазіргі таңда науқас инфекциондық стационарға ауысты. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр» делінген Төтенше жағдай жөніндегі Атырау облыстық штабы таратқан хабарламада.
Еске сала кетелік, бүгін таңдағы мәлімет бойынша Қазақстанда қауіпті дертке шалдыққандар саны 1179 адамға жетті. Оның ішінде 57 бала бар.
Ел бойынша 138 адам вирустан жазылып шықты.
Ал, дүние жүзі бойынша, 1 миллион 927 мың 101 адам қауіпті індеттен ем алып жатыр.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА