«Атырау» ФК: гаитилік ойыншы тегін келді

img 20210205 wa0009 Жаңалықтар

«Ақ Жайық» порталында жарық көрген «Атырау» футбол клубы 200 мың еуроға гаитилік ойыншыны сатып алды» деген мақаласында жалған ақпарат берілген, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы сайт редакциясына «Атырау» ФК баспасөз қызметі мәлімет берді.

«Бұл ақпарат шыңдыққа сәйкес келмейді. «Атырау» ФК сапына Гаити құрама командасының ойыншысы қосылғаны рас. Кристиан Алекс Джуниор команда құрамына еркін агент ретінде қосылды. Бұл дегеніңіз ойыншының «Атырау» командасының сапына ауысуы үшін ешқандай қаражат шығындалмады деген сөз. Мақала авторы, ойыншының нарықтағы трансфер құнын көрсеткен» делінген таратылған хабарламада.

  • Қазіргі уақытта «Атырау» ФК ойыншылары мен жаттықтырушы құрамы Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Клуб басшылығының айтуынша, алдағы уақытта клуб сапына алынған ойыншылар бойынша толық әрі нақты ақпарат берілетін болады.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз