Атыраулық балықшылар зейнеткерлерге балықты тегін таратты

51ryba Жаңалықтар

Атырауда қыста балық аулау спорты бойынша жарыс өтті. Жарыс соңында еріктілер ауланған балықтардың барлығын  зейнеткерлерге таратып берді.

51ryba

24 ақпан күні өткен жарыста Жайық өзеніне 80-ге жуық балықшы жиналды. Олардың ішінде ересектермен қатар балалар да бар.

Балық аулау бойынша жарысқа қатысқан жалғыз әйел Айман Паласова Алматыдан арнайы келіпті.

«Желге де, аязға да қарамадым. Жарыс ұйымжастырушыларын және жалғыз қалған егде жастағы адамдарды қолдау үшін күйеуім екеуіміз келдік», – дейді Айман Панасова.

Акцияны ұйымдастырушылардың сөзінше, биыл қайырымдылық мақсатында өткізілген балық аулау жарысына қатысқан қатысушылар саны арта түскен.

«Бұл қайырымдылық акцияны 2014 жылдан бері өткізіп келеміз. Жалғызбасты зейнекерлердің тізімін қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен аламыз. Бұл жолы тізімде 24 адам бар. Жарыс аяқталып, жеңімпаз анықталғаннан кейін ауланған балықтардың барлығын тізімдегі мекен жайларға апарамыз», – дейді ерікті Жандос Әлимағанбетов.

Сондай-ақ, жарысқа қатысушылар мен ұйымдастырушылардан бөлек, жарыс өткен аумақта Атырау облысы бойынша аумақтық инспекция және орман шаруашылығы қызметкерлері де болып, балық аулау ережелерінің сақталуын қадағалады.

Жарыс соңында ауланған балықтардың барлығы теңдей бөлініп, зейнеткерлерге үлестірілді.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз