
ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда көп балалы аналар наградталды
Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген көп балалы аналарға Президент Жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларын табыстады.
–Халқымыз аналарды «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербейді» деп ерекше құрметтеген. Отбасылық құндылықтарды жоғары қойған алтын құрсақты ананың тағылымды тәрбиесінің арқасында мемлекеттің абыройы асқақтайды. Қазіргі таңда баланы дұрыс тәрбиелеу ең бірінші міндет.
Тәуелсіз елдің ұрпақтары ертеңгі еліміздің үмітін ақтайтын азаматтар болсын деп тілеймін — деді Самат Жұмабайұлы.



Майра ОРАЗҒАЛИЕВА