Баннер 9 мая от газеты Атырау

Жастар таңдауын жасады

screenshot 13 6 Жаңалықтар

 ​Атырау қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепте орналасқан №67 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берушілердің қатарында жастар аз емес. ​«Жастар рухы» Атырау қалалық филиалының төрағасы Әділет Сәбитов соның бірі еді.

​– Жасыратыны жоқ, жастардың көпшілігі саяси науқаннан қашқақтап жүреді. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы ел өміріндегі тарихи, саяси оқиға десек, әркім өзінің дауысын беріп, таңдауын жасауы қажетті іс дер едім.

 Өзім осы сайлаудың басы-қасында болып, көріп, білудемін. Мұндағы мақсатым – көзге түсу емес, керісінше, осы маңызды шараға араласып, үйрену. Саяси науқан өзгеге емес, өзіміз үшін қажет. Халқымыздың болашағы мен еліміздің ертеңі үшін әрбір азамат өз таңдауын жасап, сайлауға қатысып жатыр. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Президент сайлауына мен де қатысып, дауысымды бердім. Бұл – мен үшін өте маңызды оқиға. Себебі халқымыз мемлекет басшысын сайлап жатқанда, үйде қарап отыруға болмайтынын жете түсіндім.

 Бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан өзгеше секілді. Осы саяси науқаннан кейін жақсылықтар жалғасын тауып, халықтың көңілі марқаятын кезеңге жетсек екен деп тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстанда тұрып жатқан әрбір азамат бақытты болуға лайықты! Барша қазақстандықтарды осы жолда аянбай еңбек етуге шақырамын! – жас белсенді Әділет Сәбитов

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз