Жаңалықтар
Атырауда бір күн ішінде автобустарға қатысты 170 заңбұзушылық анықталды
«Заң бұзушылықтар Атырау облысы аумағында өтіп жатқан «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды» деп хабарлайды Atr.kz
Іс-шараның алғашқы күнінде облыс бойынша автобустарға қатысты 170 заңбұзушылық анықталған. Оның 42-сі автобус жүргізушілерінің маневр жасау қағидаларын бұзуы, 38-і рөлде телефонмен сөйлесуі бойынша анықталған заңбұзушылықтар.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз-қызметінің хабарлауынша, жылдамдық асырған 8 автобус, міндетті техникалық тексеруден өтпеген 19 автобус жауапкершілікке тартылып отыр.
Атырауда «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Автобусты жауапкершілікке тартқандарың қызық екен!