Атырау қаласы халқының саны өседі

0 419cc 2f26af5f XXL Жаңалықтар

2030 жылға қарай Атырау қаласындағы халық саны –350 мың адамға дейін көбейеді деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Төлеп Орынбасаров мәлім етті.

0_419cc_2f26af5f_XXL

Оның айтуынша, 2015 жылдың 1 қаңтары бойынша Атырау қаласындағы халық саны 221,3 мыңды құраған. «Қала маңындағы елдімекендермен қоса есептегенде, халықтың жалпы саны – 314,5 мыңға жетіп отыр. Атырау қаласындағы демографиялық ахуал 2030 жылға қарай да күрт өсіп, халық саны 350 мың адамға дейін көбейеді деп күтілуде деді» спикер.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз