Жаңарған полигон, жасыл желек күрделі түйіннің күрмеуін шеше ме?

snimok 1 Жаңалықтар

Экологиялық ахуалды жақсарту – жер жүзіне ортақ проблема. Атырау облысындағы ең өзекті бұл тақырыпқа қатысты негізгі үш мәселені атап көрсеткен жөн. Жұртшылықты айрықша алаңдатып отырған басты мәселе – атмосфералық ауа сапасының нашарлығы. Облыстағы ауа бассейнінің басым бөлігін, яғни 87 пайызын мұнай-газ кешеніне қатысты кәсіпорындар ластап отыр.

Екінші түйін – Атырау қаласының кәріздік-тазарту имараттарының тозуы, сарқынды немесе лас сулар жиналатын булану алаңдары жағдайының шектен тыс нашарлауы. Соңғысы – өлкедегі ашық су бассейні, әсіресе, Жайық өзені деңгейінің күрт төмендеуі, Ойыл, Сағыз және Жем өзендері суының тартылуы салдарынан жерүсті су ресурстарының тапшылығы.

Б ұ л п р о бл е ма ғ а р е с п убл и ка Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше алаңдаулы. Биыл сəуір айындағы «Атырау облысының əлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» кеңесте берілген нақты тапсырмаға сәйкес Атырау облысын дамытудың 2021- 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары қабылданды. Оған экологиялық мəселелер бойынша 20 іс-шара енгізілді. Оны жүзеге асыру бағытында облыстық табиғат қорғау жəне табиғи ресурстарды реттеу басқармасы бірқатар шараларды бастап кетті.

Басқарма басшысы Қадыржан Арыстанның айтуынша, былтырғы қыркүйекте Атырау облысының əкімдігі республика Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, облыстағы экологиялық проблемаларды шешудің Жол картасын жасақтаған. Түрлі мәселелерді қамтитын 40 тармақтан тұратын бұл құжатқа қоса, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен Атырау облысының бес жылды (2021-2025) қамтитын кешенді даму жоспарына да экология мəселелеріне қатысты 20 іс-шара енгізілді.

Булану алаңдары қалпына келтіріледі

– Қадыржан Бақтығалиұлы, енді осы проблемаларды шешудің тетіктері қандай?

– Алдымен, Атырау қаласының сол жақ бөлігіндегі «Тухлая балка» булану алаңын қалпына келтіру қажет. Қазір осы алаңның «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің теңгеріміндегі 860 гектарын қалпына келтіру үшін дайындық жұмыстары басталып кетті. Сметалық құны 5,5 миллиард теңгелік жоба бойынша болашақта қалпына келтірілуі тиіс булану алаңы 4 секторға бөлінді. Алдыңғы екеуі келер жылдың тамыз айында, соңғы екеуі 2023 жылдың қарашасында аяқталуы тиіс. Ал, «Тухлая балка» алаңының Атырау қаласы әкімдігіне тиесілі 476 гектарын қалпына келтіру тамыз айында басталмақ. 1,1 миллиард теңгеге бағаланған бұл жұмыстың жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға салалық министрлік қосымша 300 миллион теңге бөлгізуге ықпал етіпті. Жоспарланған жұмыстарды 2023 жылдың қарашасында бітіру межеленген.

Тағы бір кезек күттірмес міндет – қаланың оң жағалауындағы «Квадрат» булану алаңын қалпына келтіру. Оның құны – 7,9 млрд. теңге. Мұны қаржыландыру жөнінде биылғы жылдың басында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне өтінім берілді. Соған сәйкес, тиісті қаражаттың нобайы (7,1 млрд. теңге) – республикалық, қалғаны жергілікті қазынадан бөлінетін болды. Жұмыс 2024 жылдың қарашасына дейін аяқталмақ.

Ескі полигон жаңартылады

Қ.Арыстан пайдалануға берілгеніне 45 жылға жуықтаған қатты тұрмыстық қалдықтар төгілетін орынды кешенді жоспарға сай қалпына келтіруге тиіс маңызды жобаның бірі ретінде атап көрсетті. Осы мақсатта құрылысты бас[1]тау үшін қала әкімдігі жеке инвестор – «Промэкология» ЖШС-не 35 гектар жер телімі бөлінген. Махамбет ауданының әкімдігі де жеке инвестор арқылы қоқысты қайта өңдеу зауытын салуға мүдделі. Қаланың іргесінен облыс орталығының қажеттілігі үшін 5 гектар учаскені пайдалануға беру мақсатында аукци[1]он жарияланыпты. Нысан салынып біткен соң Атырауда ескі-құсқының өзі жерде жатпайтын көрінеді. 1,3 милли[1]ард теңгеге бағаланған бұл зауыттың құрылысы енді 2 жылдан соң аяқталуы тиіс. Қазір қала әкімдігі ескі полигон[1]ды қалпына келтіру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасына ішінара түзетулер енгізіп жатыр.

– Қадыржан Бақтығалиұлы, атыраулықтарды алаңдататын жайдың бірі – ауаға таралатын зиянды қалдықтардың азаймауы. Мұны тоқтатуға байланысты нақты шешімдер алынды ма?

– Шыны керек, соңғы екі жылда об[1]лыста атмосфераға тарайтын зиянды, лас заттардың көлемі кәдімгідей азайды. Бірақ бөрікті аспанға атып қуануға әлі ерте. Мысалы, 2019 жылы шығарылған зиянды қалдықтардың мөлшері 165 мың тонна болса, былтыр 150 мың тоннаға дейін төмендеді. Негізгі ластаушылар – «Теңізшевройл» ЖШС-нде 66 мыңнан 63 мыңға, «NCOC» компаниясында 33 мыңнан 25 мыңға, «Ембімұнайгаз» АҚ[1]нда 3,4-тен 3,2 мың тоннаға азайса, қала ортасындағы Атырау мұнай өңдеу зауы[1]тында 9,6-дан 11,7 мың тоннаға дейін көбейген. Бүгінде облыс аумағында ауа райын тұрақты бақылап отыратын 45 станция бар. Оның 28-і – Атырау қаласында, 5-еуі – аудан орт алықт арында, қалғандары ірі мұнай компаниялары мен кәсіпорындардың теңгерімінде. Алайда, бақылау станцияларынан орталық серверге тікелей берілсе де, екі сағатқа дейін кешігіп түсетін мәліметтер өзектілігін жоғалтады. Сол себепті, Жол картасына қалыптасқан ахуалды оңалтып, жағдайды сауықтыру шарала[1]ры кірістірілді. Алдымен, І санаттағы ірі кәсіпорындардың тұрақты көздерінен ау а ғ а ш ы ғ а р ы л ат ы н л а с т ау ш ы заттардың көлемі туралы жинақталған деректерді «Қазгидромет» РМК Атырау филиалының атмосфералық ауа сапасын мониторингілеу бөліміне онлайн режим[1]де беру керек. Сосын «NCOC» пен «АМӨЗ» базасында орнатылған мониторинг станцияларының бағдарламаларын жетілдіру арқылы деректердің берілу жиілігін қысқартып, зиянды заттар концентрациясының нормативтен тыс өсу динамикасын автоматты түрде бөліп көрсеткен жөн. Негізгі ластаушылар санатындағы кәсіпорындарды өздерінің қоршаған ор[1]таны қорғау жөніндегі іс-шараларының орындалу барысынан жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылық алдында есеп беріп отыруға міндеттесе жауапкершілік жоғарылайды.

Басқа да ауқымды шараларды жүзеге асыру арқылы алдағы бес жыл[1]да атмосфераға таралатын зиянды қалдықтардың көлемін кемінде 11,9 %-ға дейін азайту да ахуалды біраз жеңілдетуі мүмкін.

 Суды ысырап етуге болмайды

 – О б л ы с т ы ң  а ш ы қ с у  бассейндеріндегі су көлемінің күрт азайып, апаттық жағдайдың қалыптасуы болашақта тым қиын болатын түрі бар. Бұл проблема шешімін қашан табады?

– Біріншіден, батыс өлкесіндегі ең ірі су айдындарының бірі – трансшекаралық Жайық өзені. Өкінішке орай, сарапшы[1]мамандар өзен суының деңгейі 2006 жылдан бері күрт төмендегенін айтып отыр. Соңғы 14 жылда Жайықтағы жылдық ағыс мөлшері 9,5-тен 3,5 текше шақырымға дейін азайған. Ең төменгі мөлшер 2019 жылы тіркелді. Ал, биыл көрсеткіш 5,1 текше шақырымға өсіп, сәл де болса көңілді желпіндіріп тас[1]тады.

Жайық өзеніндегі су ресурсының 80 %-ы дерлік Ресей аумағында, ал төменгі ағысқа қоныс тепкен Атырау облысы жоғарыдан келетін суға тәуелді. Осыған байланысты, сәуір айында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Президент Қ.Тоқаев Үкіметке Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Қазақстан-Ресей арасындағы ынтымақтастық бағдарламасын іске асыруға қажетті алғышарттарды қолға алуды тапсырды. Ал, шағын өзендер мәселесіне келсек, Атырау облысының әкімдігі ақтөбелік әріптестерімен бірлесіп, салалық министрліктің алдына Ойыл, Сағыз, Жем өзендерінің арнасын толықтырып, су қорын молайтуға мүмкіндік беретін бұлақ көздеріне зерттеу жүргізу, жерасты су мөлшері мен түсетін ылғал көлемін анықтау туралы мәселе қойған болатын. Ол да оң шешімін табады деген ойдамыз.

Орман алқабы оттегі береді

Облысқа тән проблемалардың қатарында орманды алқаптардың аздығы да жанды түршіктіреді.

 Басқарма басшысы Қадыржан Арыстан Атырау облысы аумағындағы Атырау, Махамбет, Индер және Құрманғазы орман шаруашылықтарындағы жалпы орман қоры – 56,2 мың га екенін айтты. Ал, оның алқапты орманы небары 18 мың га ғана екен. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған кең ауқымда жасыл желек отырғызу жөніндегі тапсырмасына орай, облыс әкімдігі орманды молайту және орман өсіру көлемін ұлғайтудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын жасақтап, республика Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің келісімін алды. Соған сәйкес, алдағы 5 жылда орман қорының 2803 гектарына 7,075 млн. түп көшет отырғызылмақ. Қазір орман шаруашылықтары осыған дайындалып жатыр. Бұдан басқа, облыс елді мекендерін көгалдандыру және жасыл аймақтар құрудың Өңірлік жоспары жасақталуда. Бұл жоспар бойынша алдағы бес жыл[1]да қала мен аудандарда 275,8 гектарға 540,2 мың көшет отырғызу көзделген. Оған қарастырылған 805,4 млн. теңгенің техника сатып алуға қарастырылған 311,3 млн. теңгесін орталық қазынадан бөлуге бюджеттік өтініш дайындалып, Экология, геология және табиғи ре[1]сурстар министрлігіне қарасты Орман және жануарлар дүниесі комитетіне жіберілді. Ірі мұнай-газ кәсіпорындарының қоршаған ортаға келтіріп отырған залалының орнын толтыру үшін олар[1]ды биылдан бастап көгалдандыру жұмыстарына тарту көзделген. Қазір қала аумағынан орман және елді мекен[1]дер жерлерін қоса алғанда, жалпы көлемі 5,8 мың га қамтитын учаскенің тізбесі жасалынды.

 – Соған сәйкес «Теңізшевройл» кәсіпорны – Қайыршақты ауылдық округінен 1722 га және Мақат ауда[1]ны аумағынан, «NCOC» компаниясы – Атырау қаласының оңтүстік-шығыс бағытындағы «Соколок» каналы бой[1]ынан 1374 га мен Жылыой ауданынан; Атырау мұнай өңдеу зауыты – өзі қалпына келтіруге тиісті «Тухлая балка» булану алаңы аумағынан 1421 гектар жерге ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары бой[1]ынша меморандум жасақталды. Ағаш отырғызу жұмыстары 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге жоспарланған. Нақты жұмыс осы жылдың күзгі ағаш егу науқанынан басталады, – дейді Қадыржан Бақтығалиұлы.

Шынында, Атырауда экологиялық проблема жөніндегі халықтың орынды өкпе-назы жеткілікті. Бірақ арнаулы құрылымдар қоршаған ортаны ластаудың алдын алу шараларын жасап жатыр. Орман алқабы оттегіні көп бөлетінін ескерсек, Атырауды таяу бесжылдықта жасыл желек көмкеріп тұруы шарт. Қ.Арыстан бұл жұмыстардың әлі де жеткіліксіздігін айтады. Сондықтан, аху[1]алды жақсарту үшін кешенді жұмыс пен жұртшылықтың қолдауы қажет.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз