Атырауда бір күн ішінде автобустарға қатысты 170 заңбұзушылық анықталды

1 18 Жаңалықтар

«Заң бұзушылықтар Атырау облысы аумағында  өтіп жатқан «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды» деп хабарлайды Atr.kz

Іс-шараның алғашқы күнінде облыс бойынша автобустарға қатысты 170 заңбұзушылық анықталған. Оның 42-сі автобус жүргізушілерінің  маневр жасау қағидаларын бұзуы, 38-і рөлде телефонмен сөйлесуі бойынша анықталған заңбұзушылықтар.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз-қызметінің хабарлауынша, жылдамдық асырған 8 автобус, міндетті техникалық тексеруден өтпеген 19 автобус жауапкершілікке тартылып отыр.

Атырауда «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Армангүл

    Автобусты жауапкершілікке тартқандарың қызық екен!