Атырауда 4 мектепте жапсаржайлар салынды
Атырау – ардақты да арманды өлке, талай дүлдүлдер мен батырлар мекендеген киелі жер.
Сынаптай сырғып, көз ілеспей жатқан жүйрік уақыт ішінде қаланың дамуы айрықша өрістеді. Биыл 380 жыл толып отырған Ақ Жайық жағасындағы ару қаланың кескінкелбеті мүлде өзгерді. Балық аулаумен атағы шығып, мұнай өнеркәсібінің орталығына айналған шаһарда тындырылған іс көп, келешектің жоспары да келісті.
Былтыр Атырау қалалық әкімдігі көгалдандыру жұмысын мемлекеттік жеке серіктестік аясында жүргізуді ұйғарды. Осы жұмыстарды ұйымдастыратын жеке серікте с компанияны анықтады. Бұл шешім Атырау қаласындағы экологиялық ахуалмен қала аумағын көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жылмажыл өткізіліп келген конкурстардың нәтижесін ескере отырып , қабылданған еді.
Конкурс нәтижесінде «Атырау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік жеке серіктестігі аясында «Каспийдормостострой» ЖШС мен «Атырау облыстық табиғатты пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы» ММ арасында келісімшартқа қол қойылды.
Жобаның жүзеге асу мерзімі – 5 жыл, жалпы құны – 4,69 млрд. теңге.
Бәрі де бала болашағы үшін
Атырау қаласындағы үш ауысымдық оқу мәселесін шешу мақсатында 4 мектепте жиынтық сыйымдылығы бір жаңа мектеппен пара-пар, әрқайсысы ауысымына 120 балаға қарастырылған қосымша жабдықталған арнайы жапсаржайлар салынды. Жұмыстар осы жылдың мамыр айында басталып, бүгінде нысан құрылыстары аяқталуда.
Әр жапсаржайдың жалпы ауданы – 900 шаршы метр, келісім-шарт бойынша бағасы – 180,0 млн. теңге. Жаңа оқу нысандарының құрылысынан бөлек, қаланың негізгі мектептеріне асханалар жасақтау мақсатында қосымша жапсаржайлар салынып жатыр. Қазір екі нысанның құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, осы жылы 2015 жылы басталған 4 мектептің проблемалық жапсаржайларының құрылысы аяқталады деп күтілуде. Осы мектептердегі асханаларды құрал-жабдықпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда. Жаңа 2020-2021 оқу жылында қалада 63 білім беру нысаны қызмет етеді. Құрылыс нысандарының сапасын қала әкімдігі үнемі тексеріп, қадағалап отырады. Оның барысында айтарлықтай кемшіліктер анықталған жоқ. Алдағы уақытта оқушылар мен ата-аналар жаңа мектептердің сапасына өздері көз жеткізе алады. Сонымен қатар, қала әкімінің жетекшілік етуімен құрылған жұмыс тобы мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына зерделеу жүргізді.
Оның барысында №7 мектеп (мердігер «БағалыАлакөл» ЖШС) және М.Бекмұхамбетов атындағы мектеп (мердігер «Декор»ЖШС) құрылыстарының жұмыс мерзімі мен сапасы, талаптарды сақтау бойынша қатаң ескертулер берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Арнайы бет Атырау қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметімен бірлесіп дайындалды.
Қоғам белсенділері – алғы шепте Геолог шағын ауданындағы саябаққа 4 мың үйеңкі мен күл шыбығы егілді. Оған қоғам белсенділері мен коммуналдық мекеме өкілдері елеулі үлес қосқан. Жасыл желек үшін аса қажет Қайырғали Смағұлов және Әйтеке би көшелері бойында орналасқан демалыс алаңдары мен саябақ аумақтарындағы жазғы суару желілері толық қалыпқа келтірілді. Биыл қаладағы 12 ірі көшеде 200 шақырым жазғы суару желілерінің құрылысын аяқтау арқылы сол аумақтарды көгалдандыру көзделіп отыр. Қоғам белсенділері және Экология, геология және табиғи ресурстар минист рлігімен бірге қа ладағы экологиялық мәс елелерді шешу бойынша Жол картасын қабылдау, лас қалдық шығарушы 1-ші санатты компаниялармен бірлесіп, қала аумағында жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Атырау қалалық әкімдігі «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалына, «Теңізшевройл» ЖШС, «АМӨЗ» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ , «KPI» ЖШС-не көшеттерді егу үшін тиісінше жер бөлді.
Орталық көшелердегі гүлзарлар көріктене түсіп, 375 мың дана егілген гүл өсіп шықты. Саябақтар мен алаңдарда, шағын сәулет нысандары мен жалпы аумағы 11 856 шаршы метр вертикалды көгалдандыру гүлзарларында жоспарлы егу жұмыстары нәтижелі болып, қазір маусымдық күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде;
Жасыл желектерді зиянкестерден қорғау жұмыстары қос сатылы әдіспен жүргізіле бастады;
Сорғы станциялары мен жазғы суару желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жолға қойылды;
Қаладағы жасыл жел к алқаптарында ағаш саны 5 154-ке көбейген. Өйткені, келісім-шартта көрсет ілген міндеттемелерге қосымша 2 мың түп ағаш егіліп, өсіп тұр. Сонымен бірге, облыстық сот ғимараты және облыстық драма театры алдында қосымша көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, «Атырау-Ақпарат» ғимараты мен Әділет департаменті алдындағы аумақты көгалдандыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылды . Жаңадан салынған Жастар сарайының маңын, Бейбарыс даңғылының бойы және Жайық жағалауын абаттандыру жұмыстары аяқталған соң, аталған аумақтарда жаңадан ағаш егу, көгалдар төсеу, гүлзарлар орнату жұмыстары жүргізіліп, бұталар саны көбейтіледі. «Қалалық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ тарапынан көгал төсеу жұмыстарына ашық конкурс өткізілді (сомасы 235 млн. теңге). Оның нәтижесінде «Нұрлы Таң Ақтөбе» ЖШС жеңімпаз деп танылып, қалада 30 000 текше метр аумақта жұмыс атқарылды. Бастапқы жоспарда небәрі 23 000 текше метр аумаққа көгал төсеу көзделген болс а, нақты жұмыс көлемі көрс етілген мөлшерден көбейтілді.
Қоғам белсенділері – алғы шепте
Геолог шағын ауданындағы саябаққа 4 мың үйеңкі мен күл шыбығы егілді. Оған қоғам белсенділері мен коммуналдық мекеме өкілдері елеулі үлес қосқан. Жасыл желек үшін аса қажет Қайырғали Смағұлов және Әйтеке би көшелері бойында орналасқан демалыс алаңдары мен саябақ аумақтарындағы жазғы суару желілері толық қалыпқа келтірілді. Биыл қаладағы 12 ірі көшеде 200 шақырым жазғы суару желілерінің құрылысын аяқтау арқылы сол аумақтарды көгалдандыру көзделіп отыр. Қоғам белсенділері және Экология, геология және табиғи ресурстар минист рлігімен бірге қа ладағы экологиялық мәс елелерді шешу бойынша Жол картасын қабылдау, лас қалдық шығарушы 1-ші санатты компаниялармен бірлесіп, қала аумағында жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Атырау қалалық әкімдігі «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалына, «Теңізшевройл» ЖШС, «АМӨЗ» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ , «KPI» ЖШС-не көшеттерді егу үшін тиісінше жер бөлді.
Бәрі де бала болашағы үшін
Атырау қаласындағы үш ауысымдық оқу мәселесін шешу мақсатында 4 мектепте жиынтық сыйымдылығы бір жаңа мектеппен пара-пар, әрқайсысы ауысымына 120 балаға қарастырылған қосымша жабдықталған арнайы жапсаржайлар салынды. Жұмыстар осы жылдың мамыр айында басталып, бүгінде нысан құрылыстары аяқталуда. Әр жапсаржайдың жалпы ауданы – 900 шаршы метр, келісім-шарт бойынша бағасы – 180,0 млн. теңге. Жаңа оқу нысандарының құрылысынан бөлек, қаланың негізгі мектептеріне асханалар жасақтау мақсатында қосымша жапсаржайлар салынып жатыр. Қазір екі нысанның құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, осы жылы 2015 жылы басталған 4 мектептің проблемалық жапсаржайларының құрылысы аяқталады деп күтілуде. Осы мектептердегі асханаларды құрал-жабдықпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда. Жаңа 2020-2021 оқу жылында қалада 63 білім беру нысаны қызмет етеді. Құрылыс нысандарының сапасын қала әкімдігі үнемі тексеріп, қадағалап отырады. Оның барысында айтарлықтай кемшіліктер анықталған жоқ. Алдағы уақытта оқушылар мен ата-аналар жаңа мектептердің сапасына өздері көз жеткізе алады. Сонымен қатар, қала әкімінің жетекшілік етуімен құрылған жұмыс тобы мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына зерделеу жүргізді. Оның барысында №7 мектеп (мердігер «БағалыАлакөл» ЖШС) және М.Бекмұхамбетов атындағы мектеп (мердігер «Декор»ЖШС) құрылыстарының жұмыс мерзімі мен сапасы, талаптарды сақтау бойынша қатаң ескертулер берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.