Атыраулық жастар Елбасымен кездеседі

IMG 20180326 WA0002 Жаңалықтар

Атырау облысының 40 делегаты «Нұр Отан» – «Жас Отан» жастар қанатының 4-ші съезі үшін Астанаға аттанды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

IMG-20180326-WA0002

Атырау делегациясының құрамына жас кәсіпкерлер мен түрлі саладағы ең үздік мамандар енгізілген. 28 наурыз күні жастар «Нұр Отан» – «Жас Отан» жастар қанатының 4-ші съезі  қатысатын болады. Сонымен қатар, Елордаға еліміздің барлық аймақтарынан жастар ұйымдарының өкілдері, жақын және алыс шетелдерден, Астана қаласының студенттері, мәслихаттардың жас депутаттары, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері қатысады.

Талқыланатын басты тақырып – Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру жолдары. «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Ринат Гилажевтың айтуынша, съезде жас делегаттар өздерінің жастар саясатын қалай жетілдіретіні туралы ойларымен бөлісуге дайын.

– Біз съезден жаңа бағыттар мен жаңа бастамалар күтеміз. Қазіргі заманғы жастар қоғамның барлық саласына толық қатысуы керек және тәуелсіздікті дамыту жолында қызмет жасауы керек, – дейді Ринат Гилажев.

Айта кетейік, жыл сайын «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының cъезіне Қазақстанның барлық өңірлерінен шамамен 2000 мың делегат қатысады.

Хорлан СМАДИЯР

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз