КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

Еуразиялық одақтың маңызы, елге тигізетін пайдасы сәрсенбі күні өткен Орталық коммуникациялық қызметінің көшпелі брифингінің негізгі тақырыбына айналды. Алдымен журналистердің алдына ҚР кәсіпкерлердің ұлттық палатасы басқармасының өкілі, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» және Еуразиялық интеграция институтының басшылары шыққан болатын.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаевтың пікірінше, Еуразиялық комиссияның басшылық қызметтері үш елдің азаматтарына тең бөлінеді.
Ал, Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева қазақстандықтардың 77 пайызы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы интеграциялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажет деп есептейтіндігіне тоқталды. Мәселен, сауалнамаға қатысушылардың 95 пайызы интеграцияны Қазақстан үшін өмірлік маңызды стратегиялық бағдар санайды екен.
Енді ғана құрылып жатқан одаққа қазірдің өзінде әлемнің 40-қа жуық елі қосылу ниетін білдіріп, ерекше қызығушылық танытып отырған көрінеді. Бұл турасында да Жанаргүл Құсманғалиева нақты мысалдар келтірді.
Келесі брифингтің қонақтары Израильдың Абсорбация министрлігінің бас ғалымы Зеэв Ханин мен саяси технолог, инфрақұрылым министрлігінің аға үйлестірушісі Юрий Бочаровтің де баяндағандары журналистердің ерекше назарын аударды.
– Қазір экономикасы қарышты дамыған мемлекеттер жаңа нарыққа соғыспен, қақтығыспен жететін әдет тапты. Бұл – қауіпті құбылыс. Керісінше, Қазақстан алғаш рет өз мақсатына бейбітшіліктің арқасында жетіп отыр, – деді Израиль мемлекетінің өкілдері. Олар Қазақстан мен Израильдың арасындағы тауар айналымы бүгінде екі еседен астам өскендігіне ерекшелеп тоқталды.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз