Сорға салынған балабақша: Жылыойда бөбекжай жұмысын неге тоқтатты?

Жаңалықтар Халық үні

Құлсарыға жақындап келеміз. Басымызда сан сауал.

 Мұнайлы өңірдің күретамыры саналатын аудандағы ахуал қандай? Жергілікті жұртты не толғандырады? Ауқымы үлкен ауданда болатын уақытымыз да шектеулі. Таңмен таласа жолға шыққан себебіміз де сол еді. Ресми жұмыс уақыты басталып, таңертеңгі қарбалас басылған кезде біз де аудан орталығына келіп кірдік.

Биыл әлеуметтік жобаларға жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 734 452 880 теңге қаржы бөлінді. Десек те, әлі күнге дейін шешімін таппай жатқан мәселе көп-ақ. Проблеманы шешу үшін үкіметтік емес ұйымдар белсенді болуы шарт. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуінде кеңінен айтылды.

 Бүркеген жерге бүрге үйір Жылыойдағы кісі өлімі. Табынын іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалған жылқышының мүрдесі құдықтан табылды. Соған байланысты күдікті деген екі адам ұсталып еді. Осы іске қатысты бір дерек білмек болып, бірден аудандық полиция бөліміне бұрылдық. Еңселі ғимаратқа кіргеніміз сол еді, өзін «қатардағы қызметкермін» деп таныстырған сала өкілі басшылық құрамның қарсы беттегі ескі ғимаратта отыратынын жеткізді. Алайда, бөлім бастығы дәл сол күні алқалы жиынға қатысу үшін Атырауға кетіпті, сөйлесуге мүмкіндік болған жоқ. Аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Серікқали Тасқалиевтің қабылдауға қарсы болмағанына қуанып едік, оның мардымсыз жауабын місе тұтпадық.

 – Аудандағы жалпы криминалдық ахуал тұрақты. Аталған қылмысқа қатысты облыстық полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды.

Сорға салынған балабақша

Шаһар шетінен заман үлгісімен жаңа балабақша салынып, іші сапалы ойыншық, оқу құралы тəрізді керекті мүкəммалмен жарақтанса, кім-кімге де мерей, зор қуаныш. Бұдан дəл екі жыл бұрын Құлсары халқын қуантып, жергілікті бөбектердің бой жаза ойнап, өнеге-тəлім алуына мүмкіндік туғызған жап-жаңа балабақшаның есігі бүгінде балдырғандар үшін тарс жабық. Себеп пандемия емес. Сордың үстіне салынған балабақшаның қабырғасы қақ айырыла жарылыпты

Жай-жапсарды білмек оймен аудандық білім бөліміне бас сұқтық. Басшысы денсаулығына байланысты жұмыста жоқ, орынбасары жиналыста. Бас маман Зинат Тұрсыналиева екі балабақша меңгерушісінің ұялы телефонының нөмірін ғана берді. Əуелі 4-ауылдағы «Өркен» балабақшасына келдік. Сырт келбеті келісті, ауласы да жағымды аураны бойына жиып тұрған балабақшаны бір қарағанда «апатты» деуге ауыз бармайды. Бөбекжай меңгерушісі Айсұлу Қариеваға жолықтық.

– 2018 жылдың қыркүйегінен бастап, бала қабылдадық. Балабақша типтік жобада салынған, кең, жарық. Он екі топта 290 бала бар. Материалдық базасы өте керемет. Жазғытұрымғы жауыннан жерасты суы көтерілгенде қабырғада жарықтар пайда болып, еден төмен түсе бастады, – деген Айсұлу Қариева бірінші қабаттағы қабырғасы жарылған бөлмелер мен жертөлені көрсетті. Əзірге белгілісі, мекеме апатты деп танылмаған. Тек техникалық сараптау нəтижесі «жалпы жөндеу жұмыстары қажет» екенін растапты. Мекеме қызметкерлері бар мүлікті буып-түйіп, бір орынға жиыстырып жатыр. Қысқасы, бөбекжай бос тұр. Алайда, шектеу шаралары сəл жеңілдеп, балаларды кезекші топтарға қабылдау туралы арнайы қаулы шыққан соң, «өркендік» 40 сəби аудандық білім беру бөлімінің құзыретіндегі осы аттас балабақшаға барып жүр. Яғни, бір қалада «Өркен» атты екі балабақша барын білдік, алғашқысы 2015 жылы ашылған. Сөзге қалған жаңасы, яғни, 2018 жылы қызметін бастаған «Өркен-2» де жекеменшік емес.

– «Жөндеу жұмыстарына байланысты жұмыс тоқтатылсын» деген ресми құжат жоқ. 40 сəбиді бағып-күтетін 59 қызметкер əдеттегідей жұмыста, жалақысы жүріп жатыр. Негізгі мамандар кезекші топтарда, қосалқы мамандар жөндеуге дайындық жасау үшін мекеме ішінде, – дейді меңгеруші. Жертөленің де қабырғасы жарылған, тұзды су сіңген жары сортаңданып кеткен. Ортада – сусорғыш құрылғы. Ғимарат пайдалануға берілгелі бері мердігер «Орлан» ЖШС өзіне тиесілі жұмыстарды жасап келіпті. Тіпті, жертөледен лас су соратын насос та орнатқан.

Телефонмен тілдескен серіктестік басшысы Кенжебек Мырзағалиев:

– Екі жыл бойы көктем мен күзде балабақшаның аумағына су шалқып кетеді. Біз қолымыздан келгенін жасап жатырмыз. Қазіргі жағдайды өздеріңіз көрдіңіздер. Облыстық құрылыс басқармасы зерттеу жүргізуде. Ары қарайғы жұмыс бағыты сол шешімге байланысты болмақ. Сараптама қорытындысын күтеміз, – деді.

Ауладағы ойын алаңы да көз тартарлық, жайлы да сапалы. Апатты деуге ауыз бармайтын мекеменің «жыртығы тез жамалса екен» деген о й м е н ə р і қ а р а й б а ғ ы т а л д ы қ . Айтпақшы, уақыттың тығыздығына б а й л а н ы с т ы б і з « Ə с е м – 2 » балабақшасына бара алмадық. Бірақ, екеуінде де ахуал бірдей, жұмсалған қаржы да шамалас.

Көрнекі жерде – қоқыстар Дардай атағы бар Құлсарының мінін тере бермей, жарқын жағын да атап өткен дұрыс болар деген оймен жаңа музейге маңдай тірегенбіз. Бізді келушілердің бірі санаған есік алдындағы күзетші «жабық» деген бір ауыз сөзбен шығарып салмақшы болды. Мəнжайымызды айтқан соң, басшысының «жаңа ғана шығып кеткенін» түсіндірді. Ал, музейдің жабық тұруына арнайы санитарлық өткелдің жоқтығы кінəлі екен. Есік алдынан кездескен қала тұрғынын сөзге тарттық. Жұмабек Əлиев есімді құлсарылық: – Мен музейге келген жоқпын. Жай, немеремді ойнатып жүрмін. Тұратын жерім орталықтан қашықта. Бұл жерде бəрі бар, балаларға қызық.

Ал, «Аэропорттағы» Қаныш Сəтбаев атындағы көше тұрғындары үшін балалар ойнайтын алаңның өзі арман. Оған лайықты жер де тұр. Алайда, тұрғындар бірігіп əкімдікке айтамыз дегенімізге бірнеше жылдың жүзі өтті. Біз де құнттамадық, əкімдік те жүзеге асырмады. Жалпы, аудан, қаламыз туралы жаман ой айтқым келмейді. Тек наурыз айынан бері жұмыссыз жатқаным болмаса. «Теңіз» кен орнынан қысқартылып едім, күні кеше кері шақырамыз деп қуантып қойды, – деді ол. Қала орталығындағы «Жеңіс» саябағы.

Күтімі келіскен нысанның іші де мұнтаздай. Кіреберісте «Тыйым салынған фактілер анықталған жағдайда 12025 теңге көлемінде айыппұл салынады» деп тақтайшаға ілінген жазудың əсері ме, əйтеуір бүлінген, сынған дүние көрмей, риза болдық. Сəске кезінде тыныстап отырған қала тұрғыны Владимир – Қаратонның тумасы. Бала күнінде Ресейде тұрғанымен, есейген соң туған жерге оралып, қазақтан жар сүйіпті. Жұмыссыздық мəселесі өзіне де таңсық еместігін білдіріп, «сұраныстағы жүк ілуші маманмын, бірақ жұмыссыздар тізіміне енбеген соң шақырмай жатыр» деген азамат өзінің жұмыссыз қалмайтынына кəміл сеніммен сөйледі. Құлсарының көркін келістіріп тұрған жердің тағы бірі – орталық жағалау. Арық бойы таспен көмкеріліп, демалуға лайықты жағдай жасалған. Десек те, онсыз да арнасы тарылған Құрсайды суға тасталған қоқыс одан əрі тұншықтырып жатқандай көрінді. Жөңкіп барып, ойыс-қуысқа тығылған шөп-шаламды жел қуды десек,

қоқыстың адам қолымен жасалған қастандық екен сөзсіз. Қынжылдық. Ойымызды осы жерден жолыққан байырғы тұрғын да оқып қойғандай болды. – Балаларды тəрбиелеуді əркім өз отбасынан бастауы тиіс қой. Орындықтарды сындырып, атын жазады. Осынау игіліктің бəрі халық үшін, болашақ үшін жасалған, – деп күйзеліс танытты. Жүре сөйлеген атайдың есімсойын біле алмасақ та, айтқанына бас шұлғып қала бардық. Сын айтылуы тиіс «Қазіргі газеттер сын жазбайды. Жазса, оқырмандарына өнімдері де өтімді болар еді…»

Таяуда облыстық қоғамдық кеңестің мəжілісінде сын пəрменділігі туралы мəселе қозғалғанда Жылыой ауданының əкімі Халел Жамалов осындай қарсы уəж айтқан-ды. Құлсарыға келгелі көз көрген кемшілік пен мұқтаждықтың себеп-салдарын білмек оймен аудандық əкімдікке арнайы бардық. Əрқашан журналистер үшін ғана емес, халық үшін де ашық болуды жөн санайтын аудан басшысы емен-жарқын əңгімеден қашқан жоқ. Айтпақшы, Халел Жамалұлы – «Атыраудың» тұрақты оқырманы екен. Жұмыс үстелінде жиналып тұрған басылым көзімізге оттай басылды.

84 мыңнан астам тұрғыны бар Кең Жылыойдың тізгінін ұстап, делебесін қаққанына көп болмаса да, жергілікті проблемаларға бір мүшел уақыт аудандық мəслихаттың депутаты ретінде əбден қанық Х.Жамаловқа біз жолдаған сауалдар етене таныс екен.

– Расында да, Атырау облысы республиканың доноры болса, Жылыой – Атыраудың доноры. Оған қарамастан жағдайды көріп отырсыздар. Сovid-19 кезіндегі ахуал тіптен күрделіленіп кетті. Күн сайын анықталған аурулар туралы деректер алып отырдым. Байқағанымдай, анықталғандар тек өз отандастарымыз емес, шетелдіктер, тіпті Африка азаматтары да бар. 10-15 пайызы ғана атыраулықтар. Соның бəрі ауданның есебіне қосылғандықтан, саны тым артып кетті.

– «Екінші толқын» деп жатыр. Дайындық қалай?

 – 60 орындық колледж жатақханасы мен 45 орындық өкпе аурулары ауруханасын барлық қажетті құралжабдықтармен қамтып, жасақтап қойдық. Демеушілердің көмегімен ИВЛ аппараттары алынып тұр. Өз-өзімізді қамтамасыз еттік.

– Сіз эпидемиологиялық ахуал өршіп тұрған тұста билікке келдіңіз…

 – Иə, қиын кездер. Аурухананы араладым. Ол – менің міндетім. Сенесіз бе, ауруханада жатқан адамдардың тең жартысын танитын болып шықтым.

– Маман жете ме?

– 12 дəрігер қажет. Жалақы аз, көтерілсе бəсекелестік те болар еді. Дəрігерлердің аса қажетті мамандық екенін кешегі күндер дəлелдеп берді. Мемлекет тарапынан бұл мəселе қолға алынуда. – Білім саласына ойыссақ…

– А т а – а н а м ы н , б ұ л с а л а д а маған таныс. Көрсеткіштің көңіл көншітпейтіні де рас. Ауданда жалғыз лицей бар, солардың іс-тəжірибесін орта мектептерде қолдану туралы жұмыстар жоспарланып жатыр. Маман, тəжірибе алмасу қаңтар айынан басталады деп күтілуде.

– Онлайн сабақтар оңай болып жатыр ма?

 – Ө з г е ө ң і р л е р г е қ а р а ғ а н д а біздің ауданда интернетпен қамту деңгейі жоғары. Сол себепті аса бір қиындық туындамай, керекті құралжабдықтар алынуда. 22 мектепке керек медициналық қажеттіліктерге орай жергілікті бюджеттен де ақша бөлінді.

– Жұмыссыздық мəселесі – аудан үшін ең өзекті проблема. Дұрыс па?

 – Иə. Пандемия салдарынан «Теңіз» кенішінен 979 адам кері қайтарылды, 478 адам тамыздан бері шақырылуда. 117 адам жұмысқа жаңадан кіргізілді. Айта кету керек, ауданда жұмыс бар, бірақ тұрғындар барғысы келмейді. Олар тек «Теңізде» жасағанды жөн көреді.

 – Нақты қандай жұмыстар атқарылуда?

 – Тиісті компанияларды аралап, келіссөздер жүргізілуде. «ТШО» серіктестігімен бірлесіп, аталған кен орнында қызмет жасайтын мердігерлік компания басшыларымен кездесу өткіздік. Жергілікті тұрғындарды мейлінше молынан қамту жайына ықпалдасу туралы сұрап келеміз. Нəтиже бар, жаман емес. Бірақ, біз талап қоя алмаймыз, құқымыз жоқ.

– Д е с е к т е , ж е р г і л і к т і т ұ р ғ ы н д а р д ы ң т а р а п ы н а н «бірінші кезекте бізді неге жұмысқа алмайды?» деген мəселе туындап отырғаны жасырын емес…

 – Ол рас. Ауданның Телеграм арнасында бұрын осындай сұрақтар көп түсуші еді. Қазір азайып келеді. Өзім жеке бақылап, қадағалап, жауап берілуін назарда ұстап отырамын. Жалпы, жұмыс орындары ашылып, қажеттілік болған жағдайда, аудандық жұмыспен қамту орталығына сұраныс беріледі. Олар өз тізіміндегі жұмысшыларды бөліп, қосымша маман қажет болса, арнайы сұраныс беріп, хабарлама жариялайды. Сол кезде біздің чатты бақылап отыратын болса керек, өзге өңір тұрғындары да «бізді алыңдаршы» деп өтініш білдіреді. Біз өз тұрғындарымызды қамтуға жұмыстанудамыз. – Қаладағы тазалық жағдайы мəз емес секілді…

 – « Ж ы л ы о й Та з а л ы қ » ж ə н е « П р о м э к о л о г и я » м е к е м е л е р і айналысады. Бəсекелестік бар, жобаларды жүзеге асырмақшы. Алайда, 100 мың теңгеге дейін жалақы ұсынғанына қарамастан, жергілікті тұрғындар онда жұмыс жасауға құлықсыз. Олар тек «Теңізді» сұрайды.

– Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қазір мемлекеттік қызметшілерге жалақысын жасырмай айту туралы талап бар. Сіз ше?..

 – Қолыма 611 мың теңге жалақы аламын.

 – Егер əкімдіктің басшылық құрамында пара алу фактісі тіркелсе, басшы орнын босатуы тиіс. Сіз ондай қадамға дайынсыз ба?

 – Кез келген уақытта босатып б е р у г е д а й ы н м ы н . А л ғ а ш қ ы келген күннен-ақ, қарамағымдағы қызметкерлерге қатаң ескерттім: «пара алмаңдар, көмек керек болса, жəрдемдесуге мен дайынмын» деп.

 – Біз іссапар барысында балабақшаға бардық. Қазір бос тұрған мекеме туралы не айтасыз, кім кінəлі?

 – Ж о б а л а у ш ы н ы ң к і н ə с і . Құрылыс барлық талаптар сақталып салынған, мердігердің кінəсі емес. А л ғ а ш қ ы с ы з б а н ы ж а с а қ т а ғ а н компанияны қазір таба алмаймыз. Ол жоқ. «ТШО» компаниясының «Игілік» бағдарламасы арқылы салынғандықтан, олар қайтадан ақша бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізуді қарастыруда.

– Н ы с а н н ы ң с а л ы н у ы н а м и л л и а р д т а ғ а н қ а р ж ы н ы ң жұмсалуы қаншалықты дұрыс?

 – Бизнесте «көп ақша – сапалы қ ұ р ы л ы с » д е г е н ұ ғ ы м б а р . О л жерде пайдаланылған құрылыс материалдары мен балаларға керекті қ ұ р а л – ж а б д ы қ т ы ң с а п а с ы н ы ң жоғары талапқа сай екенін көрген боларсыздар.

– Жаңадан салынып жатқан мектеп құрылысын көрдік. Оның сапалы салынуы қаншалықты бақылануда?

 – «ТШО» жоба бойынша жасауын қатаң қадағалайды. Біз де айына бір рет барып, бақылап отырмыз. Мердігер – «Орлан» ЖШС.

 – Жағалаудың жайы…

– Таспен қапталды. Əлі де 5 шақырымға дейін ұзарту туралы жоспар бар. Бұзып, бүлдіріп кететіндердің ісі қынжылтады.

– Нақты айыппұл көлемі жазылған тақтайша тұрғандықтан ба, «Жеңіс» бағының жақсы күтімде тұрғанын көрдік. Ал, жап-жаңа жағалауда орын алған қарақшылықты камералар арқылы бақылап, айыппұл салу арқылы шешуге бола ма?

– 50 камера қондыру жоспарлануда. Ж а қ ы н у а қ ы т т а ж ү з е г е а с а д ы . Бағдаршамдар да жуырда іске қосылады.

– Ауыз су мəселесі туралы не айтасыз? Бұрынғы мен қазіргі ахуал…

– «Көп қабатты үйлерде судың түсі сап-сары болып ағады» деген де шағым түсті. Барды, тексерді. Сөйтсе, бірнеше күн ауысымдық жұмыстан келген соң, біраз уақыт жабық тұрған судың солай ағатынын көрген. Жалпы, осыдан он жыл бұрын су мəселесі «Игіліктің» бір жылғы 25 миллион доллар қаржысын бір мезетте аудару арқылы шешімін тапты. Су көлемінің жаз айларында азайып кетуі сияқты проблемалар бар.

– Жем суының аянышты халі тұтастай аудан тұрғындарын мазалайды…

– Иə, су көзінің жағдайы өте нашар. Күн сайын қарап отырмыз. Жергілікті жұрт «Əкімдік қайда қарап отыр?» дейді. Тоған жасау, жерасты суын тұшыту экономикалық тұрғыда тиімсіз деп танылғандықтан, əрі өзен суы Мұғалжар тауларынан келетіндіктен, алдын ала болжай алмаймыз. Əр жерден ұңғы қазып, мал шаруашылығы мен егінге пайдалану туралы да қарастырып, гидрогеологтармен сөйлесіп жүрміз. Əзірге анығы «қызыл» су келе жатыр. – Келесі жылы Құлсарының қала атанғанына 20 жыл толмақ. Қандай жоспарлар бар? – Жасақталуда. Дəл бүгін қаралып, талқыланады. Содан кейін айта аламын. Жалпы, жоспар көп. 40 гектар жерге қала іргесіндегі өндірістік базалар орналасқан жерден индустриалды аймақ, стадион салу ойластырылып жатыр.

– Байырғы тұрғынсыз. Құлсары сіз үшін қала ма?

– Елу де елу.

– 100 пайыз қала болуы үшін қанша уақыт қажет?

 – Осы қарқынмен жұмыс жасасақ, бəлкім 3 жыл.

 – Қаланы аралай жүріп, шет жақтарды айтпағанда, орталықта орналасқан көп қабатты үйлердің бірінші қабатында тұратындардың өз аумағын қоршап алғанын байқадық. Қала көркін бұзып т ұ р ғ а н « ж а б а й ы » а у л а л а р қаншалықты заңды?

 – Орталық жолға қатысты сот ісі аяқталған соң, жүзеге асырылатын жобалар көп. Сіз айтқан мəселе соның аясында көрініс табады. Қаланы көркейту, ескі үйлерді сүру бағытында жобалаған жұмыстарымыз өте көп. Қаланың екі шетіне 30 гектар аумаққа 2 үлкен демалыс аймағын салу жоспарлануда. Жобалықсметалық құжаттары дайындалуда.

– Ж о л м ə с е л е с і д е ж ы р болғанына бірнеше жыл болды. Қала орталығындағы аялдамалар да тоқсаныншы жылдардан хабар беріп тұрғандай. Автобустардың жүруі қалыпты ма?

– Ол рас. Заманға сай аялдама салу қолға алынған. Тіпті, биыл бітіруге де болар еді. Алайда, қазіргі қаражат тапшылығы қолды байлап тұр, келесі жылы ауыстырылады. 50 шақырым ауылішілік жол салу басталады. 30 шақырым қалаішілік жол – келесі жылдың межесінде. Жаңадан 20 автобус алынды.

 – Аудан орталығында 87 көп қабатты үй бар. Тағы қаншасы салынуда? Жер беріліп жатыр ма? – «Атырау» жəне «Болашақ» шағынаудандарындағы жердің бəрі беріліп болды. 3 көп қабатты үй салынып жатыр. Тағы да 9 үй салуға жұмыс жүргізілуде. Солар берілген кезде пəтер кезегінде тұрғандардың 70 пайызын қамтуға қол жеткіземіз.

 – Мал ұрлығы – аудан үшін аса маңызды проблеманың бірі…

 – Ол рас. Білмеген екенбіз, аталған мəселе өзекті. Өткендегі қылмысқа қатысты шаруагерлермен кездескен кезде оған анық көзім жетті. Жұмыссыздық көбейген кезде мал ұрлығы да көбейеді. Жалпы, криминалдық ахуалды қалыпты деп ойлаймын. Күн сайын мəлімет алып отырмын. Көбі ұсақ-түйек.

Гүлжан ӘМІРОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған