Жарнама
Жаңалықтар

“Atyrau Puzzle Day”: Өңірде ерекше интеллектуалды сайыс өтті

Атырау қаласында Халықаралық жастар күніне орай зейін мен шыдамдылықты сынға салған ерекше турнир – «Atyrau Puzzle Day» өтті. Дода Абай орталығында ұйымдастырылып, ондаған жас команда 500 бөлшектен тұратын біртұтас суретті құрастыруда өз ептіліктерін көрсетті.

2be1145c 8fe4 4654 ba44 7e55c562d2f0

Бұл сайыс тек ойын емес – әр бөлшекті орнына қою арқылы үлкен картинаны ашатын өмірдің өзі секілді болды. Қатысушыларға белгілі уақыт ішінде бірдей көлемдегі суретті жинау тапсырылды. Әр команда өзіндік стратегияны қолданды: біреулері жиектен бастап «негізін қалауды» жөн көрсе, өзгелері түстер мен мазмұнға қарай бөліп құрастыруды таңдады. Кейбір топтар бір-біріне сенім артып, рөлдерді бөліп атқарып, ақырында әр бөлшекті бір арнаға тоғыстырғандай әсер қалдырды.

28d39111 d701 43fb a9fa 2fcebc240240 1

«Atyrau Puzzle Day» – бұл жастардың логикалық ойлауын шыңдап қана қоймай, командалық рухты, бірлік пен табандылықты дәріптейтін жоба. Әр бөлшек бірігіп біртұтас суретке айналғандай, әр жастың еңбегі мен ынтымағы ортақ жеңістің кілті болды.

0354a83b f596 460e 9b26 55691383cb72

Сайысқа 14 пен 35 жас аралығындағы бес адамнан құралған командалар қатысты. Жеңімпаздар ең жылдам әрі дәл құрастыру нәтижесі бойынша анықталады.

Ботагөз ИСАТАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button