Атырауда түрмеден шыққандар жұмысқа орналасып жатыр

20170421164541 Жаңалықтар

Атырауда прокурорлар бас бостандығынан айыру мекемелерінде болғандар мен шартты-мерзімінен бұрын босатылғандарға жұмыс табуға көмектеседі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

20170421164541

«Қазіргі таңда пробациялық бақылауда 498 адам тұр. Прокуратура шартты-мерзімінен бұрын босатылған атыраулықтарды жұмысқа қабылдау туралы өтініш хатты түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарға жолдап жатыр. Мұндай өтініштер облыстағы осы санаттағы азаматтарға жұмыс орындарынан бір проценттік квота беру туралы үкімге сәйкес жасалынуда. 60 кәсіпорын жауап қайтарды», – деп хабарлады Атырау қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру мекемесінде болып келген 72 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Қалғандарын жұмысқа орналастыру жалғасып жатыр. Бірнеше адам жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттарын жинап жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз