Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырау облысының әкімі жемқорлықпен күрес мәселесін талқыға салды

Бүгін, 5 маусымда Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті селекторлық кеңесі өтті, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайлары, қаржылық тәртіптің сақталуына жүргізілген мемлекеттік аудиторлық  іс-шаралардың қорытындылары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген мониторинг және сыртқы талдауы сияқты мәселелер қаралды. 

whatsapp image 2020 06 05 at 13.58.22

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесінің маңыздылығын атап өтті. Олардың бірі, Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілуі болып табылады.Жиын барысында аймақ басшысы  «Атырау – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсенің жетекшісі Альфия  Әдиеваны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі ретінде тағайындады. 

whatsapp image 2020 06 05 at 13.58.21 1

—    Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары біздің өміріміздің барлық салаларында туындауына байланысты, барлық мемлекеттік мекемелер олардың алдын алу бойынша жұмыстарын қамтамасыз ету қажет,- деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов. 

Мәжіліс соңында облыс әкімі  жиынға қатысушыларға сыбайласпен күрестің алдын алу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button