
Жаңалықтар
Атырау облысында сайлау күнінде 6 сәби дүниеге келді
Сайлау түнінен таңертеңгі 09:00- ге дейінгі аралықта Атырау облысы бойынша 6 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Атырау қалалық перзентханасында 3 ер бала, 1 қыз, ал облыстық перинаталдық орталықта 1 ер бала мен 1 қыз дүниеге келді. Бүгінде аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы.