Атыраулықтар мұзды суға шомылуды бастап кетті

img 20210119 wa0020 Жаңалықтар

          Сейсенбі күніне сәйкес келген Шоқыну мерекесіне орай Атырау қаласы бойынша 3 жерде суға түсу орны белгіленді.

          Байқағанымыздай, көпшілік шомылатын жерлерде арнайы ойықтар қоршаулармен және баспалдақтармен жабдықталған. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары  су айдынының түбін тексеріп, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін де жіті қадағалады.  

          Шомылу орындарында 18-19 қаңтар аралығында кезекшілік ұйымдастырылған. Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және денаулық сақтау басқармасының қызметкерлерімен бірлескен кезекшілік кесте де бекітілген.

          Былтырғымен салыстырғанда биыл карантинге байланысты адам саны да көп емес көрінеді. Түске дейін жалғасқан рәсімде -7 градус аязға қарамай шашын ақ басқан қарттан, мұрты енді тебіндеп өсіп келе жатқан жас балаға дейін суық суға түсіп жатты.

          Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Демешов Жантөре:

         – «Эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында шомылу кезінде азаматтар арасында 10 адамнан аспайтын қашықтықты сақтау қажет. Құтқарушылардың қарауымен тек жағадағы арнайы жабдықталған ойықтарда ғана суға шомылу қажет. Спирттік ішімдіктерді пайдаланғаннан кейін суға түсуге болмайды және суық тию, тұмау немесе басқа аурулар кезінде ойыққа шомылмау керек. Егер адамда жүрек ауруы болса немесе қан айналымы жүйесі әлсіз болса, алдымен дәрігерден кеңес алуы маңызды. Ағзаның жалпы салқындауын болдырмау үшін ойықта бір минуттан артық тұрмау қажет» деді.

          Қалалық Успен шіркеуінің бас қызметкері Козулев Александр жиналған жұртшылыққа алғысын білдіріп, елімізде енгізіліп жатқан тәртіптерге түсіністікпен қарап, тұтастық пен бірлікке шақырды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз