ЖаңалықтарҚоғам
Атырау облысы әкімінің қабылдауына 41 тұрғын келді
Atr.kz/20 ақпан, 2020 жыл. Кеше облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тұрғындар алдында берген есебінде әлеуметтік мәселеге қатысты көп сұрақ қойылды. Сондай-ақ, әкімнің жеке қабылдауына сұранушылар да көп болды.
«Халыққа есеп бергеннен кейін жеке қабылдауыма жазылған азаматтармен жүздестім. Қабылдауға әр түрлі мәселемен келген 41 адамның сұрақтарына жауап бердік. Олармен кездесуде орынбасарларым, облыс әкімдігінің басқарма басшылары мен қала әкімдігі өкілдері де болды.
Заң шеңберінде шешілетін проблемаларға қатысты тиісті мамандарға тапсырма берілді. Түннің бір уағына дейін менімен бірге отырып, халықтың сауалына жауап берген әріптестеріме алғысымды білдіремін» деп жазды облыс әкімі Facebook-тегі парақшасында.
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ