«КҚК-К» – ДЕНСАУЛЫҚ ҚАМҚОРШЫСЫ

Ота үстелдері, кереует жанындағы мониторлар, хирургиялық электрлі ультрадыбыстық зерттеу аппараты, интенсивті терапияға арналған құрал-жабдықтар, уретероренескопиялық жиынтық және жаңа туылған нәрестелерге арналған кереуетшелер. Осынау бірегей медициналық құрал-жабдықтарды «Каспий Құбыр Консорциумы-К» акционерлік қоғамы Жаңа жыл қарсаңында аймақтағы медицина мекемелеріне тапсырды. Мұндай сыйлық тарту үшін компания 60 млн. теңге көлемінде қаражат бөліпті.

 Алғыстан басқа айтарымыз жоқ

Бүгінгі таңда қазақстандық медицинаның мүмкіндігі мол десек қателеспейміз, әлемнің көптеген өркениетті мемлекеттерінде жоқ түрлі оталар жасалынып, транспонтология саласы дамып келеді, емдеу мен диагностика жасаудың заманауи әдіс-тәсілдері енгізілуде. Алайда, сапалы әрі толық деңгейде жоғары мамандандырылған көмек көрсету үшін аурухана салып, дәрігерді оқыту жеткіліксіз, ол үшін соған сай құрал-жабдық пен соңғы үлгідегі медициналық техника қажет. Бұл ретте ақ халаттыларға облыс медицинасын әрі қарай дамытуға қол ұшын берген компаниялардың көмекке келетінін атап өткен жөн. Өйткені, қымбат құрал-жабдықты сатып алуға аурухана мен емханалардың қаражаты жетпейді. Сол себепті демеушілік көмектің медицина мамандары үшін маңызы зор.   

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Меңдіхан Өтепқалиев аталған саланы дамытуға қосқан үлесі үшін компанияға алғыс айта отырып, «КҚК-К» аймақтағы медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуда теңдессіз сенімді әрі тұрақты серіктесіне айналғанын атап өтті.

– Күні бүгін мемлекет, облыс әкімдігі денсаулық сақтау ұйымдарына ұдайы назар аударып келеді. Сонымен қатар, өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсете отырып, «КҚК-К» секілді ірі компаниялар да үлестерін қосуда. Олар біздің тұрақты әрі сенімді серіктестеріміз.

«КҚК-К» арқасында жеті ауданда ота үстелдері жаңартылды. Аурухана стационарының интенсивті терапиясының барлық дерлік палаталары мен жан сақтау бөлімшесінен орын алатын кереует жанындағы мониторлар. Монитор емделушінің жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесінің динамика көрсеткіштерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ЭКГ тестілері мен тыныс алу жиілігі, қан қысымын өлшеу, қанның оттегімен тынысталуы, дене температурасын екі каналды өлшеу және тағы да басқа процедуралар жасалады. Ал, №7 қалалық емханада заманауи ультрадыбыстық зерттеу аппараты қондырылды. Бұдан басқа, барлық аудандарда электрлі хирургиялық демсорғылар жаңартылды,-деді Меңдіхан Мырзағалиұлы.

– Науқас ауруханаға түскен кезде оған көрсетілетін көмектің мейлінше сапалы, жоғары білікті болғаны қажет,-дейді «КҚК-К» компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі өкілі Любовь Евстифеева. – Сондықтан біз 14 жыл бойына аймақ медицинасына көмектесіп келеміз, сол жәрдеміміздің пайдасы тигенінен разымыз. Бүгінгі қазақстандық медицинаның сапалы түрде көмек көрсету бағыты біз үшін де маңызды. Өйткені, жаңа медициналық құрал-жабдықтар алып беру арқылы біз ауруханаларда жаңа процедуралар енгізіп, сол арқылы емделушілердің жаңаша ем қабылдауына мұрындық боламыз. 

Тыныш  ұйықта,  сәбиім!

Баршамызға белгілі, медицина бір орында тұрақтап қалмайды, әрқашан жоғары технологиялық құрал-жабдықтар қажет. Бүгінде облыстық перзентхана – денсаулық сақтау саласының соңғы медициналық талаптарына сай заманауи мекеме десек қателеспейміз. Мұнда аналар мен балаларға жақсы жағдай жасалған. Арнайы, жоғары білікті медициналық көмектің арқасында біздің облыста ауыр патологиялық ақаулары бар босанушы мен жүкті әйелдер арасында ана мен бала өлімі азайғаны байқалады. Сөз жоқ, мұнда демеушілердің де еңбегі бар олар медициналық мекемелерді заманауи өмірлік керекті құрал-жабдықпен қамтып отыр. Ірі компаниялардың қаржылай қолдауының есебінен дәрігер – мамандар шетел клиникаларында біліктіліктерін арттыруда. Ал, бұл жолы «КҚК-К» облыстық перзентханаға жаңа туған нәрестелерге арналған 50 кереуетпен қамтыды.

– Шынымен де, әлеуметтік серіктестік аясында ірі компаниялар қомақты қаражат бөлу арқылы маңызды жобалар жүзеге асырылуда. «КҚК-К» бірнеше жыл бойы бізге біраз көмек көрсетті. Мәселен, былтыр компания бізге жедел-жәрдем көлігін сатып алып берді. Биыл нәрестелер жаңа кереуеттермен қамтылды. Бүгінгі күні консорциумның қаржысына облыстық перзентхана ғимаратына толық жөндеу жүргізілуде. Облыстық перзентхана ұжымының атынан біздің өтінішімізді ешқашан аяқасты қалдырмайтын «КҚК-К» компаниясының өкілдеріне алғыс айтқым келеді. Компанияның барлық  қызметкерлеріне денсаулық, табыс, жемісті еңбек тілейміз. Біздің серіктестігіміз жаңа жылда да жалғасады деген сенімдеміз,-деп атап өтті облыстық перзентхананың бас дәрігері Ұлжан Хасанова. 

 Тастың  бәрі бағалы  емес

Дәрігерлер атап өткендей, қазіргі кезде қуық жолдары ауруы – бүгінгі медицинаның басты  ауруларының бірі. Ол күнделікті тіршілікте белең алған. Сондықтан емделу кезінде мүмкіндігінше аурудың қозуын тежеп, ауыртпалықты азайтатын инвазивті әдіс мәселесі келелі сұрақтардың біріне айналды. «КҚК-К» арқасында облыстық аурухананың урология бөлімшесінде осынау ғажап құрал-жабдық – уретерореноскопия алынды.

Облыстық аурухананың урология бөлімшесінің меңгерушісі Әлібек Харасовтың айтуынша, минималды инвазивті әдістің арасында уретерореноскопия қуық жолдарынан тас алуда маңызды рөл атқарады. Яғни, құралдың диагностикалық мүмкіндігі арқылы тастың қуық жолындағы орнын анықтауға болады. Ота кезінде тас тікелей бейнебақылаудың көмегімен қатерсіз алынады.

– Қуық жолдарындағы тас – бүйректе тас пайда болуынан туындайтын ауру, ол функционалды, құрылымдық бұзылушылықтарға әкеп соқтырады. Ауру жас таңдамайды, көбіне-көп онымен өмірінің белсенді кезеңдеріндегі жандар ауырады. Соңғы он жылда бұл аурудың көбеюі байқалып отыр. Егер бүйрек дұрыс жұмыс істемесе, жастық та кетеді, күш те азаяды. Ағзаның сүйек жүйесі, тіс, өкпе секілді өмірлік маңызды органдар бүйректің күйіне байланысты. Сондықтан «КҚК-К» компаниясына біз және біздің емделушілер бас ие алғыс айтады. Медицина қызметкерлерінің атынан компанияның қолдауына ризашылығымызды білдіре отырып, кең пейілдері үшін консорциумға табыс тілейміз. Олардың денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі ең жоғары бағаға лайық,-деді Әлібек Харасов. 

Шынайы қамқорлық

Жүрек-қан тамырлары ауруы Қазақстандағы, соның ішінде Атырау облысындағы басты проблемалардың бірі болып қалып отыр. Мемлекет қан айналымы жүйесіндегі аурудан болатын өлімді азайту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруда. Соған қарамастан, арнайы құрал-жабдыққа қажеттілік әлі де маңыздылығын жойған жоқ. «КҚК-К» компаниясының қолдауымен облыстық кардиологиялық орталықта гемодинамиканың негізгі параметрлері мен ағзаның маңызды функцияларын бақылап отыратын қажетті барлық құрал-жабдықпен қамтылған алты орындық интенсивті терапияның тағы бір палатасы ашылған. Облыстық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Марат Қонысовтың айтуынша, клиникада емделушілерге жедел көмек көрсетіледі, яғни мұнда кардиологиядағы ең ауыр науқастар емделеді. Сол себепті, осындай блок ашу аса қажет.

Оның сөзіне қарағанда, «КҚК-К» АҚ мен орталықтың достығы әуелден берік орнаған. Атырау облысында кардиологиялық орталық ашылғаннан бері компания орталықтың жағдайын жақсартуда көптеген қайырымдылық жобаларын іске асырған. Бұл қамқорлығы үшін ақ халатты абзал жандар мен емделушілердің «КҚК-К» компаниясына алғыстан басқа айтары жоқ.

– Кардиологиялық орталықтың аяғына тік тұрып кетуіне аталған акционерлік қоғам айтарлықтай үлес қосты деуге толық негіз бар. Жеті жыл бойы компания бізге түрлі демеушілік көмек көрсетті. Мұнда медициналық құрал-жабдық сатып алу мен жөндеу жұмыстары да бар. Тек өткен жылы компания ауруханаға қосымша жапсаржайдың құрылысын қаржыландырды, жылу жүйесі жаңғыртылды. Онда жүрекке ота жасауға арналған SIEMENS Artis zee fioor (Andio-Card) рентген-ангиографиялық кешен орналастырылды. Денсаулық сақтау саласына демеушілердің қатысуымен көрсетілген көмектің науқастар мен емделушілер үшін маңызы зор. Біздің орталықтың ұжымы мен Атырау облысының тұрғындары атынан досымыз әрі серіктесіміз «КҚК-К» компаниясына үлкен алғысымды білдіремін,- деп бөлісті бізбен пікірін Марат Қонысов. 

Айта кетер жайт, «КҚК-К» өкілдерінің түсіндіруінше, осындай қайырымдылық жобалары осы жылы да жалғасын таппақ.

Динара ҚАНБЕТОВА,

Айбөпе Сабырова.

Суреттерді түсірген

Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз