Телеарнада – жаңа басшы

img 20220221 wa0083 Жаңалықтар

«Qazaqstan» Телерадиокорпорациясы» АҚ-ның Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың бұйрығына сәйкес журналист, Корпорацияның ішкі кадрлық резервінің мүшесі Гүлвира Бекқұлиева акционерлік қоғамның Атырау облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

1981 жылы дүниеге келген Гүлвира Бекқұлиева – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Телевизия саласында 19 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Еңбек жолын 2004 жылы редактор болып бастаған. «Qazaqstan» телерадиокорпорациясында 2016 жылдан бері жұмыс жасайды. Ұлттық арнада жаңалықтар бөлімінің тілшісі, редактор қызметтерін атқарған. Бұған дейін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қоғамдық-саяси жобаларының продюсері әрі авторы.

Г.Бекқұлиева корпорацияда қызмет ете жүріп, Ұлыбританияның әлемдегі ең ірі «BBC» телерадиохабарларын тарату бірлестігінен тағылымдамадан өткен.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз