Махамбетте төрт әкім сайланады

5cc828eb1619e655859255 Жаңалықтар

Махамбет ауданында ауыл əкімдерінің сайлауы Ақжайық, Есбол, Сарайшық жəне Бейбарыс ауылдық округтерінде өтуде.

Екі ауылдық округ бойынша төрт үміткер болса, қалған екеуінде үш кандидаттан сайлауға түсіп отыр.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сағынбай Шотпақовтың мəліметінше, ауданда 8 сайлау учаскесі құрылған.

  • Ақжайық ауылындағы «Бақжайық» мəдениет үйінде, Есбол ауылдық клубында, Ортақшылдағы «Самал» мəдениет үйінде, Еңбекшіл орта мектебінде, Сарайшықтағы мəдениет үйі мен арнайы əлеуметтік қызмет көрсету орталығында, Талдыкөл мектеп-балабақшасында жəне Бейбарыстағы «Жас дəурен» мəдениет үйінде орналасқан. Осы саяси науқанға ауданнан 5 813 сайлаушы қатысады деп күтілуде, – деді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Айта кетейік облыс орталығы мен аудандарда сайлаудың өту барысын партиялық емес байқаушылар орталығынан, қоғамдық бірлестіктерден бекітілген байқаушылар мен үміткерлердің сенімді өкілдері бақылауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз