Жарнама
Жаңалықтар"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

“Атырау” газетінің ұтыс ойыны қорытындыланды

Облыстық қоғамдық-саяси “Атырау” газетіне 12 айға жазылған оқырмандар арасындағы ұтыс ойыны қорытындыланды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Ұтыс иелерін назарларыңызға ұсынамыз:

Бас жүлде iPhone 15 Атырау қаласының тұрғыны М.Акимоваға  бұйырды.

img 4335




Сондай-ақ, стильді шаш үлгілері қызметінен “Ботокс” сертификаттары атыраулық Фариза Беркенова мен Исатай ауданы, Аққыстау селосының тұрғыны Сапуан Гаммаевқа шықты.

img 4332

 “Күрделі бояуға” арналған сертификаттардың иесі Атырау қаласының тұрғындары — Мәнсия Мұхамбетжанова және Еділбай Аманғалиев.

Ал “Шашты кератинді түзету” сертификаттарын Құрманғазы ауданы, Құрманғазы селосынан Айгүл Сарсемалиева мен Исатай ауданы, Аққыстау селосынан Ибатолла Қаражанов ұтып алды.

Тұрмыстық техникадан “мультиварканың” иесі  Исатай ауданы, Аққыстау ауылының тұрғыны Алмагүл Шангереева атанды. Бу үтігі Индер ауданынан Салтанат Базарбаеваға бұйырса, “шырын сыққышты” Атырау қаласынан Жамбыл Ғұмаров иеленді. Үй караокесінің иегері Тұрғызба селосынан Қасымғали Жасмағамбетов болды. Асхана пеші Атырау қаласынан Алтас Бисенбаевқа бұйырды.

img 4310 1

Сонымен қатар, Атырау қаласы, Дамбы селосынан Мүбарак Шарапиев шаңсорғыштың иесі атанды.

Ал “Атырау” шипажайына арналған сертификаттарды Атырау қаласының тұрғыны Бекбала Ақылбеков пен Исатай ауданы, Аққыстау селосынан Қуанышкерей Құспанов иеленді.

Айта кетейік, ұтыс жәшігіне облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетіне 2024 жылға 12 айға жазылған барлық 1324 жазылушының түбіртегі салынған болатын.

Жүлделер мерекелік демалыстардан кейін 3 қаңтар күні “Атырау-Ақпарат” ғимараты, 405 кабинеттен беріледі. Ұтыстың тікелей эфир көрсетілімі газеттің фейсбук және инстаграм парақшаларында сақталады. 

Барша ұтыс иелерін құттықтаймыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button