Атырауда республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауы басталды! (+ВИДЕО, +ФОТО)

IMG 20190114 111212 БЕЙНЕЖАЗБА

Атырауда «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы бастау алды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифинг барысында айтылды. Ендеше, назарларыңызға бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингтен бейнематериал ұсынамыз.

https://www.youtube.com/watch?v=3CVxxfXlFYw

https://www.youtube.com/watch?v=eamuKzoubcI&feature=youtu.be

Мақсат – ізгілік идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, Іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» агенттігі қолға алған конкурстың ақпараттық қолдаушысы – «КТК» телеарнасы. Конкурсқа әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге және өздерінің жомарттығымен өзгелерді ынталандырып жүрген жеке мен заңды тұлғалар қатыса алады.

cof

– Іріктеу кезеңі өткен жылдың қарашасында басталып кетті. Енді биылғы ақпанға дейін жалғасады. Жеңімпаздардың есімдері Алғыс айту күні қарсаңында белгілі болмақ.  Лауреаттар барлығы бес аталым бойынша анықталады. Атап айтқанда, «Асар» – халықтық салт-дәстүр, «Туған жер» – білім беру, экология және көріктендіру, «Мейірім жолында» – ерікті және тегін көмек көрсету, «Батыл жүрек» – ерлік іс және жанкештілік бағытында көзге түскен жандарға беріледі, – дейді Іскер әйелдер қауымдастығы Нұрлы Әйтиева.

cof

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аударған журналистер мен шығармашылық ұжымдар «Қайырымдылық тарихы» номинациясы бойынша байқауға қатыса алады. Айта кетейік, кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы жүргізетін тұлғалар (мемлекеттік грант, тапсырыс және тағы басқа) қатыса алмайды. Қосымша мәліметті 8(777)1951595, 8(778)7778994 және 8(705)4443501 нөмірлері арқылы білуге болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суреттер мен бейнематериал автордікі.

cof

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз