Бүгінгі сурет – ертеңгі тарих

Бүгінгі сурет – ертеңгі тарих Жаңалықтар

Атырау қаласындағы жастарға қызмет көрсету орталығында «Zhasatyrau.kz» жастар порталының ұйымдастыруымен «Атырау Life» жобасы негізінде фотокөрме өтті.

%d0%b1%d2%af%d0%b3%d1%96%d0%bd%d0%b3%d1%96-%d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%82-%d0%b5%d1%80%d1%82%d0%b5%d2%a3%d0%b3%d1%96-%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%85

Жастардың отансүйгіштік қасиетін арттыру, олардың жаңаша ойлауына ықпал ету мақсатында қолға алынған көрмеге аталған жоба қатысушыларының түсірген әсем суреттері қойылды. «Жас Атырау» порталының редакторы Алтынай Серікбайдың айтуынша, оныншы тамызда басталған конкурс қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Жеңімпаздар Атырау қаласының күніне орай марапатталады. Бүгінде сайыс қоржынына 753 сурет пен қырықтан астам бейнекөрсетілім келіп түскен.

«Сан ғасырлық тарихы бар Атырау қаласының тыныс-тіршілігін бір суретпен көрсету әсте мүмкін емес. Алайда, бүгінгі түсірілген сурет – ертеңгі тарих болып қалуы да ықтимал. Сондықтан, біз жастар арасында пейзаж, қала және адам өмірі, портрет, сәулет өнерін бейнелейтін осындай жобаны жүзеге асырудамыз» дейді А.Серікбай.

Көрме барысында конкурсқа өз жұмыстарын ұсынып, белсенділік танытып жатқан жастардың ішінен ең үздік үш қатысушы арнайы сыйға ие болды. Сурет номинациясы бойынша Асан Жанжігітовке, Мейрам Қамысбайға және «Ең үздік бейнекөрсетілім» бойынша Дархан Махмұтовқа ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хат пен ақшалай сый тарту етілді.

Алтыншаш

НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз