Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атыраулық азамат тұрғындарды арзан бағамен тасымалдап жүр

Қызылқоғалық кәсіпкер Сәбит Смағұлов «Бизнес-Кеңесші» жобасы арқылы жеңілдетілген шартпен шағын автобус алып, ауыл тұрғындарын тасымалдауда.

86742

Ол бұл кәсіппен тоқсаныншы жылдардан бері айналысып келеді. Осы уақыт ішінде талай көлік ауыстырған. Бірақ, қай кезде де жолаушыларға ең төмен жолақы ұсынады.

Жолаушы тасымалдау – тұрақты табыс көзі. Ауылдастарымнан артық төлемді талап етпеймін. Баратын жеріне шамасы келетін қаржыға жеткізгім келеді. Бұрын жеңіл автокөлігім болды. Енді мемлекеттік бағдарлама арқылы жаңа «Mersedes Sprinter» автобусына қол жеткіздім. Тасымалдау тарифін сақтап, шығынды өтей аламын, — дейді С.Смағұлов.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі Әсел Тұяқбаеваның айтуынша, аудандық палата филиалының кеңесші мамандары былтыр кәсіпкерге «Бизнес–Кеңесші» курсына қатысуға ұсыныс білдірген екен. Осы курс арқылы тек білім алып қана қоймай, жеңіл-детілген несиеге ие бола алатынын айтқан. Сөйтіп, кәсіпкер қажетті құжаттарды жинақтап, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 3,5 миллион теңге несие алған.

Бүгінде кәсіпкер жүз шақырымдық «Миялы – Сағыз» бағытында жолаушы тасымалдайды. Егер басқа тасымалдаушылардың тарифі 1500 теңге болса, «Смағұлов С.» жеке кәсіпкерлігінде – 1000 теңге, қайтар жолы – 500 теңге.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button