Департаментке – жаңа басшы

img 9622 26 08 20 04 07 Жаңалықтар

Atr.kz/26 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болып Асылбек Хамзеұлы Шаров тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Асылбек Шаров 1983 жылы  Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында дүниеге келген.  Білімі – жоғары.  2006 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында медициналық-профилактикалық іс факультетін, дәрігер-гигиенист, эпидемиолог болып, 2016 жылы Қазақстанның Мемлекеттік құқықтық университетінінен  құқық мамандығын бітірген.  

Еңбек жолын 2006 жылы Жаңаөзен қаласы бойынша МСЭҚ  басқармасының санитариялық-гигеналық қадағалау бөлімінің коммуналдық гигиенасы бойынша бас маман болып бастаған.   

Маңғыстау облысында әртүрлі лауазымдарда жұмыстар атқарған. Қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жұмыс орындарында және коммуналдық шаруашылықта инфекциялық емес ауруларға бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы қызметінде болған.

Гүлдана ЕРЛАНҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз