Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетШаһар шырайыҚоғам

Атырауда Махамбет Өтемісұлының домбырасы таныстырылды

Мұнайлы өңірде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында тарихи-өлкетану музейінде қазақтың ұлттық домбырасының тарихынан сыр шертетін көрме ашылды.

sdf

– Бұл көрмеге музей қорынан 65 музыкалық аспап қойылған. Олардың жасалуы да, материалы да әртүрлі. Көрмеге келушілер қарағай мен үйеңкіден, жаңғақ ағашы мен еменнен, қандыағаштан жасалған домбыраларды тамашалауға мүмкіндіктері бар, – дейді Атырау тарихи-өлкетану музейінің директоры Рашида Харипова.

Сондай-ақ, көрмеге қойылған жәдігерлердің тарихы мен эволюциясы туралы да мәліметтер ұсынылған.

sdf_2_

– Домбыраның жер бетіндегі ең ежелгі музыкалық аспаптардың бірі екендігін бірі білсе, бірі білмес. Сексенінші жылдардың басында музыкалық аспаптар мен билеп жатқан адамдар бейнеленген жартастағы суреттер табылды. Бұл әрбір қазақ отбасында ілулі тұрған домбыраға ұқсайды. Археологтар бұл суреттердің неолит кезеңінде, яғни 4000 жыл бұрын салынған сурет екендігін анықтаған еді. Бірақ, кейбір деректерде домбыра 6000 жыл бұрын пайда болған деген мәліметтер де бар», – дейді атыраулық этнограф Өтепберген Әлімгереев.

Ерекше атап өтерлігі – бұл көрме тек музыкалық аспаптардың тарихына ғана арналмаған. Көрме Каспий маңы тарихы, танымал күйшілер Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісованың тағдырымен де тығыз байланысты.

sdf_1_

Сонымен қатар, жұртшылықтың назарына Қаршыға Ахмедьяров, Нұрғиса Тілендиев, Саламат Мұқашев, Махамбет Өтемісұлының күй шерткен домбыралары таныстырылды.

 

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button