Атырауда интернет-конференция өтеді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Р.Тұңғышбаев СІЗДЕРГЕ ЖАУАП БЕРЕДІ!!!
2017 жылғы 6 маусымда сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Р.Тұңғышбаевтың қатысуымен интернет-конференция өткізілетін болады. Интернет-конференция барысында мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау салалары бойынша сұрақтар қабылданады.
Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Р.Тұңғышбаев жауап беретін болады.
Интернет-конференция департаменттің ресми поштасы арқылы нақты уақыт режимінде өтеді.
Сұрақтар қою үшін dgs15@bk.ru мекенжайы бойынша мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселеері бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.