Атырауда 24 миллион теңге ұрлаған ұрылар ұсталды

connector2.php Жаңалықтар

Атырауда қарақшылық шабуыл жасап, 24 миллион теңге алып бара жатқан қаскөйлер ұсталды. Оқиға сәрсенбі күні таңертең болған.

connector2.php

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұрылар қала маңындағы үйлердің біріне ұрлыққа түскен. Үйдің иесіз емес екенін кейін білген олар есік ашқан әйел адамды қорқытып, қол-аяғын байлап тастайды. Содан соң жатын бөлмеден 24 миллион теңгені алып қашады. Зардап шегушінің жанайқайын көршісі естіп, қылмыскерлерді автокөлігімен қуады. Полицияға да хабар осы сәтте беріледі. Оқиға орнына жедел жеткен «Батыс-32» патрульдік экипажы мен Ұлттық ұланның №5546 әскери бөлімінің әскерилері күдіктінің алғашқысын тұтқындауға көмектеседі. Теріс ойлының «Оса» травматикалық тапаншасынан қуғыншыны атқаны да белгілі болып отыр. Ол – бұрын сотталған Мақат ауданының тұрғыны. Көп ұзамай екінші күдікті де қолға түсті.

Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу шаралары жүріп жатыр.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз