Атырауда дауыс беру аяқталды

3d6db0bb 7be5 415b bddb d7ef0eee00e0 Жаңалықтар

Атырау облысы бойынша кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды AtyrauPress.


Бұл туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлімдеді.

9e741244 44c3 4141 a8ed a67d51eece08

«Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ден бастап дауыс беру тоқтатылып, сайлау учаскелері жұмысын тамамдады. Облыс бойынша сайлау учаскелерінде  ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Мүмкіндігі шектеулі, алыс елді мекендердегі және вахталық ауысыммен қызмет тететін жұмысшыларды, сондай-ақ тергеу изоляторындағы сайлаушыларға дауыс беруге жағдай жасалды» дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

bcffcffa 47e1 46a9 9dc3 cc1373872a43

Айта кетейік, облыс бойынша 270 сайлау комиссиясында (9 аумақтық, 261 учаскелік), 1966 мүшесі жұмыс атқарды. Жабық учаскелер саны – 11. Оның тоғызы – денсаулық сақтау саласы обьектілері, біреуі – әскери бөлім, қалғаны – уақытша қамау изоляторы. Комиссия мүшелерінің 1306-сы – саяси партиялармен, қалғаны – қоғамдық бірлестіктермен ұсынылып сайланғандар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз