Атырауда көп қабатты 1188 тұрғын үйдің кіреберістері мен аулалары дезинфекцияланды

2 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/16 сәуір, 2020 жыл. Атырауда қала көшелеріне, автобус аялдамаларына, асфальт жолдары, сонымен бірге қоқыс контейнерлеріне дезинфекция жүргізілуде. 


Қазіргі уақытта зарарсыздандыру жұмыстарына «Батыс» өңірлік қолбасшылығының арнайы әскері жұмылдырылып отыр. Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жанғылышов мәлімдеді.


«Бұған дейін хабарланғанындай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери  міндеттілер елімізде арнайы жиынға шақыртылған болатын.  Атырауда 68 әскер сарбазы жұмылдырылды.  
Бүгінде олар қоғамдық тәртіпті қадағалауға, зарарсыздандыру процесіне  және блок посттардағы күшейтілген режимдегі жұмыстарға қатысуда.

Сонымен бірге, төтенше жағдайда ерікті түрде көмек көрсетіп жүрген волонтерлар да бар. Қазіргі таңда олардың барлығы арнайы қорғаныс костюмдерімен, жеке гигиеналық қорғаныс заттарымен қамтамасыз етілді.  


Бұдан бөлек, халық көп шоғырланатын «Дина», «Көктем», «Рахат», «Сарайшық» базарларына дезинфекциялық тунельдер орнатылды» деп нақтылады спикер Ринат Жанғылышов. 


Еске сала кетелік, қазіргі уақытта зарарсыздандыру жұмыстарына 86 дана гидропульт, 6 дана ауа генераторы, 6 дана тұманды генератор пайдаланылуда. Дезинфекциямен айналысып жатқан негізгі үш мекемеден 107 қызметкер жұмылдырылып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз