Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметіне Ерлан Жанбаев тағайындалды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1

ҚР Қаржы министрлігінің Фейсбуктегі ресми парақшасындағы мәліметке сәйкес 42 жастағы Ерлан Жанбаев Торғай облысының тумасы. Ақмола қаржы-экономика техникумын, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды экономика институтын бітірген. Торғай мен Қостанай облыстарында салық инспекторы болып жұмыс істеген. Қаржы министрлігінің жетекші маманы, ҚР Премьер-Министрі кеңсесі экономика бөлімінің консультанты болған. Жамбыл облыстық салық комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Павлодар облыстық салық департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2015 жылдан қазіргі тағайындауға дейін еліміздің Қаржы министріне кеңесшілік еткен.

«Салық қызметінің үздігі», «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілерімен, «Ерен енбегі үшін» медалімен марапатталған.

Айқара Ғұмар

Фото inform.kz сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button