Ақсайлықтар өз таңдауын жасап жатыр

img 20220605 wa0181 Жаңалықтар

Бүгін Ақсай ауылдық округіндегі №55 референдум учаскесінде ауыл тұрғындары таңғы сағат 07.00 ден бастап дауыс берді.

Референдум учаскесінің төрағасы Асылбек Құрманиязовтың айтуынша, ауыл тұрғындары белсенділік танытып отыр.

– Ақсай ауылдық округінде 3 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. №55 референдум учаскесінде 2511 сайлаушы тіркелген. Қазіргі уақытқа дейін 70-ке жуық адам дауыс берді, – деді референдум учаскесінің төрағасы.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз