ХАБАРЛАНДЫРУ!!! ҚҰРМЕТТІ ЖАС ОТБАСЫЛАРЫ!

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ  банкісі (әрі қарай – ҚТҮҚЖБ) жүйесімен «Жас отбасылары үшін» бағыты бойынша өтініш беру үшін алдымен жеке тұлға халыққа қызмет көрсету орталығынан «электронды цифрлік қолтанба» (ЭЦП) алуы қажет. www.egov.kz порталына ЖСН нөмірі немесе электронды қолтаңба арқылы кіруге болады. Кейін жылжымайтын мүлік бөліміне өтіп, қызметтер тізімінен «Аймақтарды дамыту бағдарламасы – 2020» бағыттары шеңберінде І және ІІІ топ азаматарының баспана алу үшін өтініш және құжаттарды қабылдау қызметін таңдау арқылы «Онлайн қызметке» тапсырыс беру қажет.

 

Көрсетілген бағандарды тиісті ақпараттармен толықтырып, қажетті құжаттарды сканер (көшірмесі) немесе электрондық нұсқада енгізу арқылы өтініш беріледі.

Бұл қызметке ХҚҚО немесе әр тұлға өзінің жеке интернет желісі арқылы өтініш береді.

Өтініштің жүру барысын және нәтижесін www.egov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы бақылап отыруға болады.

Ескертпе: Аталған бағдарлама бойынша өтініш беру тек қана электрондық портал (www.egov.kz) арқылы ағымдағы жылдың  15-16 наурыз күндері қабылданады.

 

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
 жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз