Жарнама
Жаңалықтар

«Атырау-Ақпараттағы» арулар мерекесі

Халықаралық әйелдер күніне орай, «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде салтанатты мерекелік шара өтті. Аталған ұжымдағы қыз-келіншектер қауымын ұлықтаған ер азаматтар ізгі тілектерін жолдап, сый-сыяпаттарын үлестірді.

ANU_7035

Алдымен, ортаға серіктестік директоры Ерболат Қаменов шығып, мереке иелерін құттықтады.

— Күні кеше ғана еліміздің алғыс айту күніне жиналған едік. Ортада апта айналмай жатып мерейлі себеппен тағы да бас қосуға жиналып отырмыз. «Жақсы көретіндерден не үшін жақсы көретінін сұрамайды» демекші, бұл бәріміз үшін де ең сүйікті мереке. Мейрам иелерін ұжымның басшылығы мен барлық жігіттері атынан шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Ұжымда қай мерекені болмасын салтанатты түрде атап өту игі дәстүрге айналып келеді. Бұл өте қуанышты жағдай. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

ANU_7287

Елбасы жүргізіп отырған саясат арқасында қоғамдағы әйелдердің рөлі мен белсенділігі артып келеді. Біздің ұжымда да бұл қағидат қатаң сақталған. Бүгінде әріптестеріміздің елу пайызы қыз-келіншектер. Осыдан-ақ олардың ұжымдағы орнын анық байқауға болады. Тағы да мереке құтты болсын, әрбір отбасына бақ пен берке, бақыт тілеймін, — деді ол.

ANU_7171

Бұдан кейін ұжымның ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқали Нұрғалиев, Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы, «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов, «Прикаспийская коммуна» газетінің ұжымы атынан Қаршыға Көшеков, серіктестіктің өндіріс және шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Әміров те өздерінің ыстық лебіздерімен бөлісті.

ANU_7277

Бұл күні ұжымдағы азаматтар күнделікті қызметтен бөлек, өнерден де құралақан емес екендіктерін көрсетті. Сахна төріне көтерілген олар жырдан шашу шашып, әсем ән мен әдемі әзілдерін ортаға салды. Сонымен бірге, шара барысында викториналық ойындар өткізілді. Оған дұрыс жауап бергендер алда өтетін «Әзіл әлемі» концерттік бағдарламасының билетіне ие болды.

ANU_7128

ANU_7166

Амандық АБДОЛОВ.

                                            Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button