«Atyraӳ» газетінің «Bilim like» жобасы қорытындыланды (+ФОТО)

IMG 20190523 WA0033 Білім

Atr.kz/23 мамыр, 2019 жыл. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Atyraӳ» газетінің мектептердегі бастауыш сынып оқушылары арасында қолға алған «Bilim like» жобасының қорытынды акциясы өтті. Пилоттық жоба бұған дейін Атырау қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия мен үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназиясында жүзеге асырылды.

«Біз «Atyraӳ»-мен біргеміз!» тақырыбындағы акция аталмыш екі білім ордасында да жүргізілді. Салтанатты шараға облыстық «Atyraӳ» газетінің Бас редакторы Исатай Балмағамбетов және ұстаздар қауымы, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

ANU 4314
ANU 4327
ANU 4317
ANU 4318
ANU 4322

– Рухани байлықтың көзі кітап, газет оқудан басталады. Мұны еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпаққа, соның ішінде бала шақтан бастап бүлдіршіндердің бойына сіңіріп, оларды газетпен дос болуға, басылымдарды оқуға ынталандыру – бүгінгі уақыт талабы. Өйткені, талай ұлттық құндылықтар мен өзгелер қызыға қарайтын бай мәдениетіміз туралы осынау қағаз беттерінде қатталып жатыр. Сондықтан, оны жас буынның бойына сіңіру  қажет.  Осы орайда облыстың бас басылымы ұйымдастырған «Bilim like» қосымшасының бүгінге дейін алты нөмірі жарық көрді. Газет ішіндегі газет саналатын төрт беттік осы қосымшада апта сайын білікті педагогтардың құрастырған әртүрлі логикалық тапсырмалары жарық көрді. Мұны екі мектептің де оқушылары белсенділікпен орындағанына куәміз, – деді газеттің Бас редакторы Исатай Құндызбайұлы.

   Бұдан әрі салтанатты шара марапаттау кезеңіне ұласып, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның директорының міндетін атқарушы Әлия Инебаева мен үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназияның басшысы Гүлфия Есқайырова, қосымшаны дайындауда редакциямен тығыз жұмыс жасаған педагогтар Жұлдыз Асқарова (№30 мектеп-гимназия) мен оқу ісінің меңгерушісі Эльмира Исмұханова (техникалық гимназия) Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, логикалық тапсырмаларды газетке жариялауға ұсынуға қосқан зор үлесі үшін бастауыш сыныптардың білікті мұғалімдері де осындай марапатқа ие болды. Газеттегі тапсырмаларды белсенді орындап, оның ішінде жүзден жүйрік шыққан оқушылар анықталып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

ANU 4343
Bilimge lajk2
ANU 4351
ANU 4325
ANU 4358

Ғасырға жуық тарихы бар облыстың айнасына айналған, ақпараттың жаңа тұстарын халыққа танытып, жаңашыл көзқарас беріп, өркендетіп келе жатқан «Аtyraӳ» газеті туралы мектеп басшылары да сөз сөйледі. Әлия Инебаева аз ғана уақыттың ішінде жасалған жұмыстың бастауыш сынып оқушылары үшін үлкен серпін  бергенін айтып, өзі басқаратын ұжымының «Аtyraӳ»-мен бірге екендіктерін жеткізді.

«Аталған қосымша жарық көргелі оқушылар мектептен алған білімдерінен бөлек, қосымша шығармашылық жұмыстарын шыңдай білді. Бұл жобаның жұмысы әрбір оқушыны жаңа қырынан тануға да үлкен мүмкіндік берді. Мектепте газетке жазылу үрдісі де жоғары деңгейде. Білім ордасында 150 мұғалім қызмет етсе, оның 80 пайыздан астамы газеттің тұрақты оқырмандары ретінде бір жылға жазылған. Алдағы уақытта да  сүйікті газетімізбен бірге боламыз деген сенімдемін» деген №30 мектеп-гимназияның директоры Гүлфия Есқайырова рухани қазынамызды насихаттап, жас жеткіншектерді газет оқуға баулуға қосқан зор үлесі үшін  мектеп әкімшілігі атынан облыстық газеттің Бас редакторы Исатай Балмағамбетовке Алғыс хат табыс етті.

ANU 4359
ANU 4337
ANU 4365
ANU 4370
ANU 4376

Сондай-ақ, акция барысында ата-аналар да өз пікірлерін білдірді.

«Мен бұған дейін газетті асыға күтіп оқитын едім. Бастауыш сынып оқушылары үшін  газет ішіндегі газет қосымшасы жария болған уақыттан бастап үйдегі балалар да басылымның оқырмандары болды. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның 4 «б» сынып оқушысы, немерем Назерке Жұмабектің «Bilim like» жеңімпазы ретінде танылғанына қуанышым шексіз. Біз отбасымыздың сүйікті газеті ретінде алдағы уақытта да «Аtyraӳ»-мен бірге боламыз!» дейді ата-ана Ертуған Бұданова.

Салтанатты шара барысында екі білім ошағының дарынды шәкірттері өз өнерлерін ортаға салды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

IMG 20190524 WA0010
IMG 20190524 WA0007
ANU 4380
IMG 20190524 WA0027
ANU 4381
ANU 4388
ANU 4385
ANU 4400

Күләш БЕКБЕРОВА,

ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын

техникалық гимназияның

1 «ә», 2 «ә» сыныптарының жетекшісі:

– Редакциямен жасалған тығыз байланыстың нәтижесінде бір айдан аса уақыттың ішінде «Bilim like»-тың әрбір сынып оқушылары үшін ұсынған тапсырмаларын біздің шәкірттер аса қызығушылықпен орындады. Оның ішінде, көрсетілген уақытынан асырмай, әрі дұрыс орындағандар жеңімпаз атанды. Мен жетекшілік ететін сыныптарда мұндай жеңіс тұғырынан көрінгендер қатарында Сардар Исатай, Інжу Бақтыбай, Жанайым Еділ  және Досан Гүлмайра, Наурыз Маратов секілді шәкірттерім бар. Туған тіліне шын жанашыр ретінде танылып жүрген жас патриот Сардар Исатай өзі құрастырған өтірік өлеңін газетке ұсынса, Інжу Бақтыбай ұлттық сусын – қымыз туралы өз ойын жазды. Жанайым Еділ төрт  түліктің төресі саналған жылқы туралы жыр шумақтарын құрастырды. Ал, Саулен Азия есімді оқушымның салған суреті газет бетіне таңдалды. Бұл шәкірттерімнің осынау жетістіктері – мен үшін үлкен мәртебе. Оқушыларым газет оқуға деген талпыныстары жоғары екенін аңғартты.

ANU 4407
ANU 4393
ANU 4403
ANU 4410
ANU 4423

Ерлан  НҰРМҰХАНОВ,

ата-ана:

Күнделікті тіршілік деп жүріп, газет оқуға баса ден қоймайтынымыз рас. Бірде қызым газеттегі тапсырмаларды бірге орындауымды өтінді. Басылымды парақтап қарасам, мұнда үкендер үшін де, жас буын үшін де рухани азық алар өте құнды дүниелер көп екен. Мұнда оқушылардың шығармашылығымен қатар, қызымның суреті де жарияланыпты. Бұдан кейін менде «неге облыстың газетіне жазылмасқа?» деген ой туып, бүгінде басылымның оқырмандары қатарынан орын алғаныма қуаныштымын

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

ANU 5143
«Bilim like»-та ұсынылған қолөнер бұйымын жасау тапсырмасын орындаған жас шеберлер
(№30 мектеп-гимназия, 3 «а» сыныбы)
ANU 4424
ANU 4408
ANU 4431
ANU 4428
ANU 4435
ANU 4440
ANU 4441
ANU 4445
ANU 4451
ANU 4453
ANU 4458
ANU 4461
ANU 4464
ANU 4468
ANU 4471 2
ANU 4473
ANU 4479
ANU 4481
ANU 4485
ANU 4487
ANU 4490
ANU 4493
ANU 4494
ANU 4498
ANU 4500
ANU 4504
ANU 4512
ANU 4515
ANU 4525
ANU 4536
ANU 4544
ANU 4552
ANU 4565
ANU 4561
IMG 20190523 WA0076
ANU 4582
ANU 4588
ANU 4594
ANU 4598
ANU 4596
ANU 4602
ANU 4603
ANU 4606
ANU 4609
ANU 4614
ANU 4620
ANU 4631
ANU 4634
ANU 4636
ANU 4642
ANU 4584 1
ANU 4643
ANU 4647
ANU 4649
ANU 4652
ANU 4654
ANU 4656
ANU 4660
ANU 4661
ANU 4672
ANU 4680
ANU 4678
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз