Атырауда «Қаhарман ұлт-Бессмертный полк» атты патриоттық акциясы өттi

bessmertnyij polk 2017 maj 9 Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 72 жылдық мерекесіне орай Атырауда «Қаhарман ұлт-Бессмертный полк» атты патриоттық акциясы өттi. Оны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, Атырау қалалық iшкi саясат бөлiмi мен жастар ресурстык орталығы бiрлесiп ұйымдастырды.

bessmertnyij-polk-2017-(maj)-9

Осымен 4-шi мәрте ұйымдастырылып отырған елдiк шараға 700-дей адам қатынасты. Олардың бәрі – кешегi күнi оқ пен оттың ортасында жүpiп, Отанын, туған жерiн елiн жаудан қорғаған майдангер батырлардың ұрпактары. Владимирский көшесiнiн бойында сап түзеп қолдарына ата-әкелерiнiң суреттерiн ұстап, колоннамен жүрiп өткен шерушiлер Жеңiс саябағына келiп тоқтады.bessmertnyij-polk-2017-(maj)-4

Олардын алдында облыстық ардагерлер кенесiнiң, саяси партиялардың, үкiметтiк емес және жастар ұйымдарының жетекшiлерi мен өкiлдерi cөз сөйлеп, бұл акцияның маңызы мен мәнi хақында тебірене  әңгiмеледi. Жиналғандарды мерекелерiмен құттықтады. Мәңгiлiк алау жанында естелiк суретке түстi.

bessmertnyij-polk-2017-(maj)-5

Дәулетқали Аруев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз