Исатай ауданында өткен жылы 568 сәби өмірге келді

2 Жаңалықтар

Бұл демографиялық өсімнің бар екендігін көрсетеді. Және өткен жылы Исатай ауданының медицина саласы  жоғары білімді  төрт дәрігермен толықты.

«Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берген Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Дәрігер мамандар тұрғын үймен, жәрдемақымен қамтылды. Сонымен бірге, өткен жылы жылжымалы диагностикалық медициналық кешен алынды. Жылжымалы кешен көмегімен

шалғай  ауыл тұрғындарының  денсаулық жағдайын тексеру,  диагностикалық,профилактикалық, емдік және сауықтыру іс-шаралары уақытылы жүргізілуде» деді спикер Марат Мурзиев.

Еске сала кетелік,  онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз