АМАЛ МЕРЕКЕСІ АТЫРАУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТІЛДІ (+ФОТОРЕПОРТАЖ)

EAC2448 Жаңалықтар

Atr.kz/14 наурыз, 2019 жыл.  Бүгін Атырауда көрісу күні ерекше сән салтанатпен атап өтілді.

1 4

Сұлтан Бейбарыс алаңында «Korisy fest» халықаралық фестивалі ұйымдастырылды. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында қолға алынған  фестивальге қазақтың абыз ақсақалы Асанәлі Әшімов, айтыстың жанашыры, белгілі ақын Жүрсін Ерман, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, Қазақстанның Құрметті журналисі  Нұртілеу Иманғали, «ТҮРIКСОЙ» ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейiнов және алыс-жақын шетелдерден келген қандастарымыз, еліміздің әр түкпірінен ат арытып жеткен батагөй ақсақалдар  қатысты.


Көрісу мерекесі аясында ашық алаңқайда суретшілер плэнері, облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің көрмелері, «Елсана» руханият клубының қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан, ұлттық сусындар мен тағамдар жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.


Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс алаңында «Korisy fest» халықаралық фестивалі ұйымдастырылды

Мереке шымылдығы күллі қазақтың мақтанышы – ҚР еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаеваның және «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының» Атырау музыка колледжінің  домбырашылар оркестрінің орындауындағы Қазанғаптың «Ақ желкен» күйімен ашылды. Қыстың қаһарынан шығып, көктемнің алғашқы  күндерінде тойланып жатқан көрісу мерекесімен барша жиналғандарды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтады.    

3 4

      «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімсіреп көрісіп, құшақтасып…» дегендей, көрісу күні де келіп жетті. Халқымыздың тамырының негізі бұл тағылымы мол тарих, дәстүрі  үзілмей келе жатқан әдет-ғұрпымыз, дәстүріміз бен мәдениетіміз. Осы қағидаларды Елбасы мақалаларында баса айта отырып, қазақстандықтарға өшкенімізді ортаға алып келіп, ескіргенімізді жаңартып,  жаһандану процесінде төтеп беретіндей ұлт қалыптастыру бағытында рухани дүниені байыта отырып, әрқайсысымыз еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды. Бұл ретте бүгін аймақта Көрісу мерекесі ерекше аталып өтуде, – деген аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы татулық, бірлік, ынтымақ, келісім бар жерде  ешбір дәстүріміз қалыс қалмайтынын баса айтты.

«Біздің эпостарымыз бен аңыздарымыз, ертегілеріміздің барлығы осыған бағытталған. Қазіргі таңдағы еліміздің ішкі-сыртқы саясатындағы ортақ келісімнің орнауына әрқайсымыздың қосқан үлесіміз бар. Алдағы уақытта да рухани дүниемізді байыта отырып, бірлік пен татулықты ту ете отырып, салт-дәстүрлерімізді жаңғырта берейік» деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Одан әрі ұлттық нақышта безендіріліп, үш қабатты етіп жасақталған сахнада «Тарих тармағынан» атты музыкалық қойылым көрсетілді.

Бейбіт МЕҢДІҒАЛИЕВ, Қазақстан дизайнерлер Одағының мүшесі:

Салт-дәстүрге байланысты суреттерге үңілгенде ерекше шабыттанамын

Көрісу – адамдардың тек бір-бірімен амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстрүрлі көрініс. Осынау мерекеге орай өткізіліп жатқан шара жәрмеңкесіне мен үш мүсін және  майлы бояумен салынған алты суретімді  әкелдім. Суреттерімде қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері ерекше көрініс тапқан. Жалпы, осы тақырыпта сурет салу маған ерекше жігер біреді. Салт-дәстүрге байланысты суреттерге үңілгенде ерекше шабыттанамын. Бұл – менің халқыма деген ықыласымның көрінісі, рухымның биіктігі болса керек.

Сәбит ХАЛЕНОВ, Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Ұмыт болған дәстүрлер жанданса…

Осынау күнді асыға күтіп, көрісу фестивалін тамашалауға ауданнан жиырма адам келдік. Мереке өте жоғары деңгейде өтті. Көрісу күнінің халықаралық деңгейде ұйымдастырылуы – біз үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта да халқымыздың әрбір салт-дәстүрі асқақтап, кеңінен қанат жая берсе екен. Әсіресе, ұмыт болған дәстүрлерді ортамызға қайта оралтсақ, нұр үстіне нұр болар еді.

4 3
ФОТО: ЕРЛАН АЛТЫБАЕВ
5 4
6 4
7 2
8 2
9 3
10 3
11 2
12 2
13 2
14
15 1
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
atr kz 1
vyfvfvfyv
vyfvyfvfy
ch2121

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз