Қазақстандықтар жаңа жылда 4 күн демалады

1 13 Жаңалықтар

Еліміздің тұрғындары жаңа 2018 жылды жексенбіден дүйсенбіге қараған түні қарсы алады. Жаңа жылдық демалыс төрт күнге, атап айтқанда 2017 жылдың 30 – 31 желтоқсанынан (сенбі және жексенбі) және 2018 жылдың 1-2 қаңтарына (дүйсенбі және сейсенбі) дейін созылады.

1

Еске сала кетейік, желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелері аталып өтіледі. Осыған байланысты қазақстандықтар қосымша үш күн демалуға мүмкіндік алып отыр.

Айқара Ғұмар

Фото piligrim.com.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз