«Ауыл ­– Алаш айнасы»

screenshot 9 1 Жаңалықтар

Егемен елдің ең басты мерекесі ­­– Республика күні қарсаңында «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенділері аймақтарға шығып, «Ауыл – Алаш айнасы» жобасын жүзеге асыруда.

Бірлестіктіктің Атырау облысындағы сапары Жылыой ауданынан басталды. Бұл күні өндірісті өңірге филология ғылымдарының докторы, абайтанушы Омар Жәлелұлы, «Сенімен Болашақ» РКБ-нің құрылтайшысы, қоғам қайраткері, меценат Нұркен Жарылқапұлы, республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жансая Бердімұратқызы келді. Олар осында жергілікті жұртшылық өкілдерімен жүздесті.

– Басты мақсат ­- ­ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, бала тәрбиесіне қатысты өзекті проблемаларды бірлесіп шешу, оңтайлы жолдарын іздестіру, – дейді жоба авторлары мен шараны ұйымдастырушылар.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз