Атырауда терезеден құлаған алты баланың екеуі көз жұмды…

60a27093338aa003623064 Жаңалықтар

Бұл – Атырауда орын алған соңғы екі жылдағы көрсеткіш.

2022 жылы балалардың терезеден құлауының 2 жағдайы орын алды, оның ішінде 3 бала түрлі жарақат алды (2021 жылы – 4 жағдай, оның ішінде 3 бала жарақат алып, 2 адам қайтыс болды).
27 маусым күні сағат 22.10-да Атырау облысы Полиция департаментінің жедел кезекшісінен Нұрсая ы/а үйдің 3-ші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 ж.т.егіз қыз балалар құлап кеткендері жөнінде хабарлады. Балалар ауыр халде Атырау облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды.

Басты себеп-балаларға тұтқалар оңай ашуға болатын қорғалмаған терезелер. Москит торы тәуекелді арттырады: бала оған сүйенуге болады деп ойлайды, алайда москит торы оның салмағын көтере алмайды.

Оқиғалар хроникасына көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар түседі (80% оқиға).

Барлық құлаудың жартысы терезенің жанында тұрған жиһазбен және ересектердің немқұрайлы қарым-қатынасымен байланысты болады.

Бірнеше қарапайым ережелер:

  • Балалар терезеден құлап кетуі мүмкін, егер ол 12,5 см-ден астамға ашылса.
  • Барлық терезелерде 12,5 см-ден астам ашуға мүмкіндік бермейтін тақтайлар немесе қоршаулар орнату қажет. Механизмдер жабық терезе режимінде ғана емес, «желдету» режимінде де жұмыс істейді.
  • Терезенің қасында балалармен йнамаңыз. Көлікті, өтіп бара жатқан және т. б. көрсету үшін оларды терезе алдына қоймаңыз.
  • Терезенің жанында оңай көтерілетін жиһаз қоймаңыз және москит торына сенбеңіз.
  • Жалюздің жіптерімен шынжырларілінбеуікерек: олар балаға терезеге шығуға көмектеседі.
  • қылтиманы жабу керек.
  • Балаларды аз уақытқа да қараусыз қалдырмаңыз.

«Атырау облысы ТЖД ТЖ алдын алу бөлімі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз