00419fc8 5d78 47a4 afd8 bd58a5faa6fe

Атырауда короновирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

Жаңалықтар Медицина ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/28 қаңтар, 2020 жыл. Атырау халықаралық әуежайында Қытай елінде пайда болған этиологиясы белгісіз короновирусты  анықтау  және  індетке қарсы шараларды ұйымдастыру бойынша  оқу-жаттығу сабақтары өтті.

Инфекция ошағын оқшаулау және індетке қарсы алдын алу жұмыстарын жүргізу  бойынша өткен оқу-жаттығуды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұйымдастырды. Жаттығу этиологиясы белгісіз пневмонияға күдікті науқасқа алғашқы көмек көрсету және инфекцияның таралуын алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар алгоритмдеріне сәйкес құрастырылған  шартты оқиға бойынша жүргізілді.

«27 қаңтарда сағат 16.00-де шетелдік компанияда жұмыс жасайтын Қытай азаматы Атырау халықаралық әуежайына  Стамбул-Атырау КС- 870 рейспен қызуының күрт көтерілуіне, жалпы әлсіздік, қатты басының, бұлшықеттерінің ауырсынуына, тамағының ауыруына шағымданып қаралған. Науқасты анықтаған аталмыш әуежайдың бас маманы сұрастыру кезінде оның 25 қаңтар  күні сағат 11.00-де Қытай Республикасы Ухан қаласынан келгенін анықтаған.

Шұғыл әрекет ету схемасына сәйкес, облыстық денсаулық сақтау басқармасына және облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне,  обаға қарсы күрес станциясына хабарлайды. Құзырлы орган өкілдері алгоритмге сәйкес індетке қарсы іс-шараларды  жүргізеді.  ​Науқасқа көмек көрсету үшін инфекционист дәрігерді, күдікті науқасты тасымалдау үшін эвакобригаданы шақырады. Әуежайдан шығу және кіру, қабаттар арасында жүру уақытша тоқтатылды. Күдікті науқас анықталған бөлмеге, әуежайдың кіретін есіктеріне санитариялық посттар қойылды» дейді аталмыш департамент басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.

 Оқу-жаттығу барысында сала маманы қорғаныш костюмін киіп, жедел жәрдем көлігімен санитариялық торапқа келді. Кезекші медициналық қызметкермен ұшақ ботына көтеріліп, жолаушыларға ұшақтағы науқас жөнінде хабарлады. Бас бортпроводниктің қатысуымен науқастан эпиданамнез жинайды, келген жолаушылар мен экипаж мүшелерінің санын анықтады.

646b5ccd e4fd 4717 b4b2 b81079e55a68
00712f4b 2523 46a5 866f 35f4d945b922
62fb96ce 0058 4e68 bbd9 4d818ddbe37f
ad731bec 9f32 430a 977a 93d96bf1bd45
a8a34858 6b44 449e 89ed 40ba97dfe037
6b03ff35 b12d 4266 b873 6f3bc8f83aff
c0fc15eb d5d5 4075 b118 34562d980bfc

Науқастың клиникалық белгілерін, эпидемиологиялық анамнезін ескере отырып, «Этиологиясы белгісіз пневмония?» диагнозымен әуежай медициналық қызметкерімен науқас анықталған жері бойынша изоляторға оқшаулады.  Қарым-қатынаста болған жолаушылар мен экипаж мүшелерін халықаралық келу залына әкелді. Олардың арасында сауалнамалар жүргізіліп, аты-жөнін, мекендерін, кеткен уақыты мен келген уақыттары сұрастыру жүргізілді.

Консультанттар, жедел жәрдем бригадасы, дезинфекциялық қызмет  келді. Дәрігер-консультанттар  бортқа қорғаныш костюмдерімен көтеріліп эпиданамнез, температурасын, қан қысымын өлшеуді және науқастың жағдайының қаншалықты екеніне қарауды жүргізді.

«Расымен де оқиға орын алып, осынау сәт туындаса диагноз расталған жағдайда науқасты жедел жәрдем көлігімен  алып кетеді. Қорытынды дезинфекция жүргізу үшін сала маманы эпидемиологиялық ошақтың шекарасын анықтап береді. Ұшақ бортында қорытынды дезинфекция жүргізіледі. Науқаспен қарым-қатынаста болған жолуашылар мен экипаж мүшелері  жинақталған паспорттық мәліметтері бойынша тұрғылықты мекен-жайы бойынша бақылауға алынады. Барлық қарым-қатынаста болған адамдарға ауру белгілері пайда болған жағдайда  жергілікті мекен-жайы бойынша емдеу мекемелеріне дәрігерге жүгінуі қажеттігі ескертіледі» дейді Амантай Төлегенұлы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Тағы оқыңыз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған