БІР КҮНДЕ – 34 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ

Атырау қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөлімінен хабарланғанындай, мереке күндері көшелерде мұз төмпешіктердің пайда болуы салдарынан шаһар аумағында 34 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

 

Нақты мәлімет бойынша, 32 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Сол күні кешкісін кезекші бөлімге отбасылық кикілжіңдерге қатысты 19 шақырту келіп түскен. Ал, келесі, яғни жаңа жылдың алғашқы күні Атырау мөлтекауданындағы жеке үйлердің біріне қарақшылық тонау жасалғандығы туралы «102» нөміріне хабарланған. Анығын айтқанда, сомасы 700 мың теңгені құрайтын зергерлік бұйымдар ұрланған.

Осыған ұқсас жағдай «Ардагер» коттедж үлгісіндегі қалашығында да қайталанған. Мұнда жарты миллион теңге ақша қолды болған. Сол сияқты, қала маңындағы Ракуша ауылындағы коттедж үйлердің бірінің есік, терезесін бұзып кеткен. Құлманов көшесіндегі №107 үйден де осы мазмұндас қылмыс дерегін жеткізген қоңырау шалыныпты.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз